ШЕТТЕ ҚАЛМАДЫҚ

17.03.2020

ШЕТТЕ ҚАЛМАДЫҚ

Алматы қ, 12 наурыз, 2020 жыл


SANTO компаниясы Арыс қаласының орталық аудандық ауруханасына заманауи бірнеше медициналық жабдықты табыстады.

Естеріңізге салып өтсек, өткен жазда Түркменстан облысының Арыс қаласында әскери бөлімнің қоймалық орындарында оқ-дәрілер атылып, олардың өртенуінің салдарынан бұл мекендерде төтенше жағдай орын алған еді. Жарылыстардың нәтижесінде елді мекендегі бірнеше тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға зиян келтіріліп, 45000 жуық адам қаладан шығарылды. Қазақстандықтар арыстылықтардың қайғысына немқұрайлы қарамай, елдің түкпір-түкпірінен жапа шеккендерге гуманитарлық көмегін жіберді. Басқа аймақтарда тұратын құрылысшылар аз уақыттың ішінде қаладағы бұзылған үйлерді қалпына келтіріп берді.    
Арыстағы қайғыға көңіл бөлгендердің арасында SANTO компаниясының қызметкерлері де болды: олар бір күндік жалақысын аударып, қала тұрғындары үшін бірінші қажеттілік заттарын, соның ішінде жеке гигиена құралдарын жинап берді. Сондай-ақ, компания жәбір көргендерге көмек ретінде төтенше жағдай кезінде жедел жәрдем көрсету үшін қажет болатын дәрі-дәрмектер, атап айтқанда, ауыруды басатын дәрілер, кардиопрепараттар, антибиотиктер беріп жіберді.   «Болған жағдай елде жеке фармацевтикалық өндірістің болғаны қаншалықты маңызды екенін көрсетті, – деп айта кетті SANTO бас директоры Ижи Урбанец. – Өйткені төтенше жағдай болған кездерде адамдардың тезірек емделуі ең алдымен дәрі-дәрмектердің қолда болуына байланысты. Төтенше жағдайларда дәрі-дәрмектермен дер кезінде қамтамасыз ету біздің тәуелсіздігіміз бен қауіпсіздігіміздің кепілі».
2019 жылдың соңына қарай SANTO компаниясы Арыс қаласына орталық аудандық ауруханаға қазіргі заманғы медициналық жабдықтар да - автоматтық гематологиялық анализатор, 7 инфузиялық бірарналы сорғыш, 2 оптикалық-полярланған плантоскоп, 7 медициналық сорғыш және 2 дефибриллятор жеткізіп берді. «Халқымыздың қиынға ұшырағандарға асармен көмектесетін жақсы бір дәстүрі бар. SANTO компаниясы да арыздылықтарға дәрі-дәрмектермен, аурухана үшін медициналық жабдықтармен тегін әрі баға жетпес көмек көрсетті. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің, қиын жағдайға душар болған адамдарға деген бірге уайымдаушылығының лайықты үлгісі», - деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.

 

************************************************************************************* 

SANTO туралы:


SANTO Member of Polpharma Group (SANTO компаниясы) саудалық таңбасы бар «Химфарм» АҚ - Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында қолданылатын Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобының бөлігі. Компания жоғары сападағы дәрі-дәрмектерді дайындап, шығарып, Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Бүгінгі таңда SANTO қазақстандық фармацевтикалық өндірушілердің арасында көшбасшылық орынды иеленеді. Компания портфеліне терапияның түрлі салаларындағы ауру-дерттерді емдеу үшін 12 фармакотерапиялық топтарындағы 240-тан аса генерикалық дәрі-дәрмектер кіреді. Компания 8 елге – Ресейге, Украинаға, Қырғызстанға, Моңғолияға, Өзбекстанға, Түркменстанға, Тәжікстанға өнімдерін жеткізуді жүзеге асырып, ішкі нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат:

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz


Тізімге оралу