POLPHARMA ТОБЫ ЕАЭО РӘСІМДЕРІ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨЗІНІҢ ДӘРІЛІК ЗАТЫНА АРНАП ТҰҢҒЫШ ТІРКЕУ КУӘЛІГІН АЛДЫ

18.09.2019

POLPHARMA ТОБЫ ЕАЭО РӘСІМДЕРІ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨЗІНІҢ ДӘРІЛІК ЗАТЫНА АРНАП ТҰҢҒЫШ ТІРКЕУ КУӘЛІГІН АЛДЫ

17 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Polpharma Тобы бұған дейін Еуразия экономикалық одағы аймағында тіркелмеген дәрілік препаратты өзара мойындау рәсімі бойынша Еуразия экономикалық одағы аймағындағы тұңғыш тіркеу куәлігіне қол жеткізді.

Тіркеу куәлігі медициналық өнім қауіпсіздігі мен сапасын бағалау және сараптама жүргізу саласындағы мемлекеттік сараптамалық ұйым болып табылатын Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау жөніндегі ұлттық орталықтың өткізген сараптама нәтижесі бойынша берілді. Қазақстан дәрілердің сапасы, тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша Еуразия экономикалық одағы мүшелеріне қойылатын бүкіл халықаралық стандарттарды сақтап отырған тұңғыш елге айналды.

SANTO компаниясының мамандандырылған препараттарды ілгерілету және нарыққа өнімді өткізу жөніндегі директоры Ирина Чублукова тіркеу куәлігін алу кезінде былай деп атап өтті: «Біздер үшін бұл оқиғаның дәл Қазақстанда орын алып отырғандығы аса маңызды, өйткені біз Еуразия экономикалық одағына мүше референттік мемлекеттер мен сараптамалық органдар арасында Қазақстанның ең озық, дамыған әрі тиімді ел болып табылатындығын көріп отырмыз. Қазақстанда біздің өтінімді Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау жөніндегі ұлттық орталық қабылдап, табысты түрде сараптама өткізді. Оның нәтижесінде тұңғыш тіркеу куәлігі берілді».

SANTO туралы:

Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен қызмет жасайтын«Химфарм» АҚ (SANTO компаниясы) Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында қызметін жүргізетін халықаралық Polpharma фармацевтикалық тобының бір бөлігі болып табылады. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 240-тан аса дәрі-дәрмек бар.

Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан, секілді сегіз елдің нарықтарына экспорттайды.

Қосымша ақпарат:

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» БО, 5Б блогы, 19-қабат

Тел.: +7 (727) 3121833 e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz 

www.santo.kz


Тізімге оралу