БАКТЕРИЯҒА ҚАРСЫ ТЕРАПИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЛЫ

11.03.2020

БАКТЕРИЯҒА ҚАРСЫ ТЕРАПИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЛЫ

SANTO компаниясы Қазақстанның бірқатар қалаларында Ресей Химиотерапевтер, микробиологтар және клиникалық фармакологтар альянсының басқарма мүшесі, м.ғ.к. Игорь Анатольевич Гусевтың қатысуымен дәрістерді ұйымдастырды. Медик ғалым төменгі тыныс алу жолдарындағы инфекциялармен ілеспелі ауруларға шалдыққан және егде жастағы тұлғаларға арналған бактерияға қарсы терапияның ерекшеліктері, құрамдастырылған терапияның рөлі жайлы кеңінен ақпарат берді. Ақпан айында және наурыздың басында ғалымның дәрістерін Қостанай, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларының терапевтері, пульмонологтары, фармацевтері мен жалпы практика дәрігерлері тыңдады.

Қысқы маусымдағы бактерияға қарсы терапия тақырыбы Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарындағы дәрігерлерге арнап таңдалғаны кездейсоқ емес, өйткені дәл осы өңірлерде климат жағдайына байланысты бронх-өкпе жүйесінің аурулары жиі кездеседі. 20 ғасырдағы медицинаның басты жетістіктерінің бірі антибиотиктердің пайда болуымен байланысты екені белгілі: дәл осы уақытта қауіпті инфекциялардың таралуына себеп болған бактерияларды емдеуде медицина жеңіске жетіп, осының нәтижесінде көптеген адамдардың өмір сүру ұзақтығы кем дегенде 20 жылға артты.

Маманның айтуынша, осы ауруды дер уақытында және дұрыс емдемеген жағдайда осы санатқа жататын науқастарда ауру қозып, жиі ретте өліммен аяқталып жатады. Осыған орай диагностика жасау және дұрыс емдеу ең маңызды медицициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Ілеспелі аурулардың жиі ретте декомпенсацияға ұшырауы да диагностика мен емді қиындатып, жазылып кетуге деген үмітті әлсіретіп жатады.

Игорь Анатольевич  ілеспелі патологиясы бар ауруханадан тыс пневмонияға шалдыққан науқастарды ұлттық клиникалық протоколдар мен халықаралық ұсынымдарды ескере отырып емдеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Сондай-ақ, қатыушылар республикада әрекет ететін нормтивтік-құқықтық актілердің негізінде қауіпсіз медициналық көмек көрсетудің заңгерлік тұстарын да әңгімеге арқау етті.

«Антибиотиктер стратегиялық дәрілік заттар болғандықтан, оларды жөнсіз қолдану бактериялар төзімділігінің артуына алып келуі мүмкін. Ал бұл ұлттық қауіпсіздікке төнген үлкен қатер. Біздің компания бактерияға қарсы дұрыс терапияның бүкіл маңыздылығы мен қажеттілігін түсіне отырып және де антибиотиктерді өндіретін Қазақстандағы жетекші компания ретінде тұрақты түрде осындай конференцияларды өткізіп тұрады, сондай-ақ, Қазақстан тұрғындары тиімді әрі сапалы емге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеді», - деп атап өтті SANTO компаниясы дәріқағазбен босатылатын препараттар бөлшек сауда бөлімінің директоры Анна Фарленкова.

************************************************************************************* 

SANTO туралы:

Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен қызмет жасайтын«Химфарм» АҚ (SANTO компаниясы) Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында қызметін жүргізетін  халықаралық Polpharma фармацевтикалық тобының бір бөлігі болып табылады. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 240-тан аса дәрі-дәрмек бар.

Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан, секілді сегіз елдің нарықтарына экспорттайды.


Қосымша ақпарат:

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» БО, 5Б блогы, 19-қабат

Тел.: +7 (727) 3121833

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz 


Тізімге оралу