ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КАРДИОЛОГТАРЫНЫҢ XII КОНГРЕСІ: КАРДИОЛОГИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

19.11.2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КАРДИОЛОГТАРЫНЫҢ XII КОНГРЕСІ: КАРДИОЛОГИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

19-20 қарашада Алматыда «Кардиологиядағы жаңа көкжиектер: инновацияға фокус» атты Қазақстан Республикасы кардиологтарының XII конгресі өтті. Іс-шараның басты демеушісі - SANTO компаниясы «Гипертониядан жүрек жеткіліксіздігіне: дәрілік заттарды таңдаудағы басымдықтар өзгере ме?» сателлиттік симпозиумға спикерлерді қатысуға шақырды: Ю.М. Лопатин, м. ғ. д., Волгоград мемлекеттік медицина университетінің Кардиология және функционалдық диагностика кафедрасының меңгерушісі, Жүрек жеткіліксіздігі жөніндегі мамандар қоғамының басқарма мүшесі (Ресей) және А.Г. Ракишева, PhD, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Кардиология және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, Жүрек жеткіліксіздігі жөніндегі Еуропалық қауымдастық президиумының мүшесі (Қазақстан). Ғылыми форумға Қазақстанның жетекші кардиолог ғалымдары мен белгілі шетелдік мамандар, кардиология мәселелерімен және жүрек-қан тамырлары ауруларымен айналысатын ғылыми қоғамдастықтар мен орталықтардың, институттардың, клиникалардың өкілдері, сондай-ақ өңірлік медициналық мекемелердің тәжірибелі дәрігерлері қатысты.

Ағымдағы жылы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, іс-шара онлайн режимінде өтті (тіркеу және трансляция сайтта жүргізілді http://kzcardio.org/), бұл қатысушылардың көбірек санын қамтуға мүмкіндік берді. Конгресс бағдарламасы өзекті тақырыптарды қарастырды, атап айтқанда, пленарлық отырыстар коронарлық қаупі жоғары пациенттерді кешенді қорғау мәселелеріне, қазіргі әлемнің жаһандық проблемалары аясында ЖҚА бар пациенттерді жүргізудің жаңа тактикаларына арналды. Ғылыми симпозиумдар барысында спикерлер жүрекше фибрилляциясы бойынша жаңа ұсыныстармен сөз сөйледі, қатысушыларды созылмалы ЖИА бар пациенттерде тромбозға қарсы терапияның ерекшеліктерімен, ЖФ бар егде пациенттерді емдеуде теорияны практикада дұрыс пайдаланумен, ЕЅС 2020 ұсыныстарымен, заманауи ұсынымдар аясында статинотерапияның көрсетілімдерімен және қауіптерімен, жүрек жеткіліксіздігін емдеудің жаңа алгоритмімен таныстырды. Сондай-ақ, СЖЖ және 2 типті қант диабеті кезіндегі қауіптерді модификациялау мүмкіндіктері, 2 типті қант диабеті бар пациенттерде жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу ерекшеліктері, қантты төмендететін терапияның перспективалары қарастырылды.

Конгреске отандық және шетелдік кардиолог ғалымдары қатысты:

·         Кристоф Леклерк (Christophe Leclercq), профессор, Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының президенті, Еуропалық кардиологтар қоғамы президиумының мүшесі, Кардиология және тамыр аурулары бөлімінің бастығы, Ренн университетінің ауруханасы (Франция).

·         Юрий Михайлович Лопатин, м. ғ. д., Волгоград мемлекеттік медицина университетінің Кардиология және функционалдық диагностика кафедрасының меңгерушісі, Жүрек жеткіліксіздігі жөніндегі мамандар қоғамының басқарма мүшесі (Ресей)

·         Григорий Павлович Арутюнов, м.ғ. д., профессор, РҒА корреспондент-мүшесі, ЕАТ Президенті, Н. И. Пирогов атындағы РҰЗМУ пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, РФ еңбек сіңірген дәрігері (Ресей).

·         Салим Фахатович Беркинбаев, м.ғ. д., профессор, Қазақстан кардиологтары қауымдастығының президенті, «С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ Кардиология кафедрасының меңгерушісі, Еуропалық кардиологтар қоғамы президиумының мүшесі (Қазақстан) және осы саладағы көптеген басқа да жетекші мамандар.

«Жаңа форматтағы конгреске қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Қатысушылар пайдалы біліммен алмасып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі шындық жағдайында әріптестерімен кәсіби және достық байланыстарын нығайта алатынына сенімдіміз. Кардиология – біздің компанияның белсенді дамып келе жатқан стратегиялық бағыттардың бірі. Біз жүрекке байланысты ауруларды емдеуге арналған тиімді дәрі-дәрмектерді өндірушінің беделін бағалаймыз. Біздің компанияның қоржынында импорттық, сондай-ақ Қазақстанда өндірілетін 13-тен астам кардиопрепараттар бар. Біз осы конгрестің серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз», – деді SANTO компаниясы дәріқағазбен босатылатын препараттар бөлшек саудасы жөніндегі бөлім директоры Анна Фарленкова.

************************************************************************************* SANTO туралы:                                                                   

SANTO компаниясы («Химфарм» АҚ) – Polpharma Халықаралық фармацевтикалық тобының бөлігі. Компания қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер арасында жетекші орында, Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарына қол жетімді жоғары сапалы дәрілік заттарды әзірлейді, өндіреді және жеткізеді. Santo портфелінде кардиопрепараттар ерекше орын алады. Бүгінгі таңда компания дәрігер мен пациентке артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруы мен созылмалы жүрек жеткіліксіздігін кешенді емдеу үшін толыққанды шешім ұсына алады.

SANTO жүрек желісінде осы ауыр ауруларды емдеуге арналған барлық дерлік дәрі - дәрмектер бар: небиволол, эплеренон, ацетилсалицил қышқылы, розувастатин және аторвастатин молекулалары, антигипертензивті препараттар, оның ішінде моно және аралас терапияға арналған индапамид, периндоприл, валсартан.

SANTO кардио-портфолиосы дәрігерлер арасында сенімділік пен құрметке ие және бүгінде нарықтағыдан екі есе тез өсуде! 2020 жылы SANTO компаниясы фармөндірушілердің рейтингін басқарды - жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған дәрілерді тағайындаудың 14% - ында қазақстандық амбулаториялық-емханалық буын дәрігерлері Santo компаниясының кардиопрепараттарын таңдайды.

2021-2024 жылдары GMP халықаралық сапа стандарттары бойынша Қазақстандағы зауытта шығарылатын еуропалық препараттарды оқшаулау есебінен компанияның кардиожелісін айтарлықтай кеңейту күтілуде. Бұл эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде елді оқшаулау жағдайында да халықты еуропалық сапалы препараттармен үздіксіз дәрілік қамтамасыз ету саласындағы ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып табылады.

Жалпы алғанда, компанияның портфолиосына терапияның әртүрлі салаларында ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтардағы 240-тан астам генерикалық препараттар кіреді. Компания 8 елдің - Ресей, Украина, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан нарықтарына экспорттайды және ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

 

*************************************************************************************

Қосымша ақпарат алу үшін:

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz


Тізімге оралу