2015 жылдың 10-11 маусымында Щучинск қаласында Қазақстанның дәрішілеріне, дәріхана меңгерушілері мен иелеріне арналған «Фарма Практикум 2015» қолданбалы фармация бойынша бірінші конференция өтуде.

10.06.2015

2015 жылдың 10-11 маусымында Щучинск қаласында Қазақстанның дәрішілеріне, дәріхана меңгерушілері мен иелеріне арналған «Фарма Практикум 2015» қолданбалы фармация бойынша бірінші конференция өтуде.

2015 жылдың 10-11 маусымында Щучинск қаласында Қазақстанның дәрішілеріне,  дәріхана меңгерушілері мен иелеріне арналған «Фарма Практикум 2015» қолданбалы фармация бойынша бірінші конференция өтуде. Конференцияны Қазақстан фармацевтикалық нарығының көшбасшысы - Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен жұмыс жасайтын «Химфарм» АҚ ұйымдастырып отыр.

Щучинск қ., 2015 жылдың 10 маусымы

«Фарма Практикум 2015» конференциясы – бұл Қазақстанның дәрішілеріне, дәріхана меңгерушілері мен иелеріне арнап тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған өзінше бірегей іс-шара. Оған 200-ге жуық адам қатысуда.

Конференция барысында фармацевтикалық және дәріханалық бизнестің, сондай-ақ, дәріханалар жұмысының тиімділігін арттыра алатын дәрішілер қызметіндегі өзекті мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, Украинадан шақырылған мамандардың қатысуымен тренингтер өтіп, олар дәріханалардағы қызмет көрсету деңгейін арттыру бойынша өз тәжірибелерімен және дәрішілер мен емделушілер арасында өзара әрекеттестікті құрудың әдістемелерімен бөлісті.

«Бүгін Щучинскте біз дәрішілер мен дәріханалар жұмысында инновациялар мен халықаралық тәжірибелерді қолдану бойынша білімдермен алмасуға арналған алаңды құру үшін бүкіл дәрішілер мен дәріхана иелерінің басын қосуды шештік. SANTO Қазақстан тұрғындарының қамын ойлайды, сондықтан да қолданбалы фармацияға арналған конференция маңызды іс-шараға айналып, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға өз үлесін қосатынына мен сенімдімін. Өйткені еліміздің тұрғындарына дәрілік заттар дәрішілер мен дәріханалар арқылы жетеді, сондықтан біз жоғары сапалы және бағасы қолжетімді дәрілердің өндірушісі ретінде өзіміздің серіктестерімізге оларды дамытуға көмектесуіміз керек», - деп атап өтті SANTO компаниясының қаржылық директоры Пол Бэк.

Santo компаниясы дәрілік заттарды шығаратын ең ірі отандық өндіруші болып табылады.Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС сатып алатын дәрілік құралдар жалпы көлемінің үштен бірінен астамы «Химфарм» АҚ-да өндіріліп, жеткізіледі. GMP стандарттарына сәйкес келетін заманауи фармацевтикалық өндірісті құру «Химфарм» АҚ-ның Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобына кіруінің арқасында мүмкін болды. 2011 жылы Santo компаниясы Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орта Азия нарықтарында қызмет жасайтын топтың құрамына кіре отырып, фармацевтикалық өнеркәсіптің озық ноу-хауларына қол жеткізді. Дәл сол уақытта GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа фармацевтикалық өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістерді жаңғырту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады. Инвестициялардың жоспарланған көлемі 100 млн. АҚШ долларынан асады. Ампулалық-инфузиялық цехке құйылған инвестицияның бір өзі бүгінгі күні 40 млн. АҚШ долларынан асып отыр.

Елбасының көрсеткен бағыты шеңберінде фармацевтикалық өнеркәсіп сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеру үшін «Химфарм» АҚ 2013 жылы «Santo Академиялық бағдарламасы» атты оқу жобасын іске қосты. Оның аясында Астана Медициналық Университетімен, Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығымен, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясымен және Шымкент қаласындағы Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Меморандумдар шеңберінде студенттер, оқушылар мен ғалымдар компанияның Польшадағы және Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтары мен ғылыми зертханаларына барып, болашағынан үміт күттіретін ғылыми жұмыстарды қолдауға арналған гранттарды алады.

Компания жоғары сапалы және қолжетімді дәрі-дәрмектерді өндіру арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына салмақты үлес қосып келеді, бұл Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын шығындарды айтарлықтай төмендетіп, республика бойынша емделушілердің барынша көп саны үшін дәрілерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді. 2014 жылдың 25 желтоқсанында Индустриаландыру күніне орай өткен Жалпы ұлттық телекөпір кезінде Елбасы «Шымкент дәрілік заттарды шығаратын көшбасшы қалаға айналып отыр. Естеріңізде болса, мен осы міндетті бұрында қойған болатынмын. Біз дәрі-дәрмектердің орасан зор мөлшерін сырттан тасып келдік. Енді қазір біз оны өзіміз өндіріп жатырмыз» деп айтқан болатын. Дәрі-дәрмектерді шығаратын отандық өндірушінің осылай кең құлаш жайып дамып отырғаны Елбасының білдірген үміттеріне сәйкес келіп отыр.

_________________________________________________________________________

Santo Member of Polpharma Group туралы: 

Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1 миллиард таблетканы, капсула мен түйіршікті, 350 миллион ампуланы және антибиотик салынған 24 миллион құтышаны, 4 миллион инфузия пакетін шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын дженериктік және түпнұсқалық 240 дәрі-дәрмек бар. Santo Member of Polpharma Group – Шымкент пен Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1200-ден астам адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарығына экспорттайды.

____________________________________________________________________________

Қосымша ақпарат:

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

Santo компаниясы

Әл-Фараби даңғ., 15, “Нұрлы Тау” бизнес орталығы, 5В, 19-қабат

050013, Алматы, Қазақстан

Тел/факс: +7 (727) 312 18 33

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz


Тізімге оралу