Қағидаттар мен стратегия


SANTO компаниясы еліміздің ең ірі фармацевтикалық зауыты және әлеуметтік жауапты азаматы болып табылады. Біз екпінді түрде халықаралық стандарттарға ұмтыла отырып, сапалы әрі тиімді дәрілік заттар өндірісінде жаңа технологияларды енгізудеміз. Оған қоса Қазақстанның толыққанды қоғамы, яғни дәрігерлер мен емделушілер, егде адамдар мен ҰОС ардагерлері, студенттер мен оқушылар, қызметкерлер, мемлекет пен компания серіктестері де назардан шет қалмайды.
 
SANTO компаниясы негізгі аудиториясымен қарым-қатынаста «Адамдар адамдардың қамын ойлайды» ұранын басшылыққа ала отырып, әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі қағидаларында айқындалды:
  1. Транспаренттілік- SANTO компаниясының демеушілігімен іске асырылатын қоғамға түсінікті әлеуметтік маңызды жобалар;
  2. Ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас құру және тұрақты даму қағидаттарына ілесу;
  3. Маңыздылық -  жүзеге асырылатын жобалар қоғамның маңызды бөлігін қамтып, әлеуметтік мәселелердің шешіміне ықпал етеді.