SANTO академиялық бағдарламасы


SANTO Академиялық бағдарламасы – бұл SANTO компаниясының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті іске асыру мақсатында 2013 жылы іске қосқан басты білім беру жобасы.

Жоба

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылдың 22 мамырындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінде белгілеген бағыты шеңберінде фармацевтикалық өнеркәсіп сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеруді көздейді. Елбасы өз сөзінде инновацияларды қажетті кадрлармен қамтамасыз ету, халықаралық деңгейдегі біліктіліктері бар инженерлік, техникалық кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін білім беру жүйесін икемдеу қажет, сондай-ақ, оқу жоспарлары мен әдістемелерді қалыптастыруға бизнесті қатыстыру, жергілікті мамандар қатарынан жоғары кәсіби кадрлар құрамын қалыптастыру үшін шетелдік мамандарды тарту қажет деген ойды айтқан болатын.

Біздің серіктестеріміз:
  • Астана Медициналық Университеті;
  • Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығы;
  • Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы;
  • Шымкент қаласындағы Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі;
  • Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы;
  • Оңтүстік Қазақстан облысының Аймақтық кәсіпкерлер палатасы
Polpharma.pngБіздің білім беру мекмелерімен арадағы ынтымақтастығымыз аясында студенттер, оқушылар, университеттердің профессорлық-
оқытушылық құрамы компанияның Польшадағы және Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтары мен ғылыми зертханаларымен танысып, фармацевтика саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу немесе оларды аяқтау үшін болашағынан мол үміт күттіретін
оқушыларға, студенттер мен жас ғалымдарға арнап гранттар ұсынылады, сондай-ақ, SANTO компаниясының өндірістік қуаттылықтарында тағылымдамадан өту, білім беру сапасы мен деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен іс-шараларды
(конференциялар, зерттеулер мен басқа да жобаларды) өткізу мүмкіндіктері қарастырылған.



Polpharma-125.png2013 жылдан бастап SANTO компаниясы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институтымен бірлесе отырып өткізетін өнертапқыштық саласындағы жетістіктерге
арналған «Шапағат» республикалық байқауы аясындағы сыйлықтардың негізгі демеушісі болып табылады.






Жобаны жүзеге асырудың кезеңдері:

2013 жыл

Academy_Programm_Buklet_180x180_ru-4.png2013 жылдың 24 мамырында SANTO компаниясы мен Астана Медициналық Университетінің арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум серіктестікті дамыту және білім беру жүйесіне қолдау көрсету мақсатында жасасылып, ол келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

- Бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу және ұйымдастыру, оның ішінде тағылымдамаларды, оқыту конференциялары мен зерттеулерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;

- Фармакология саласында зерттеулерді және/немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру үшін жас ғалымдар мен студенттерге арналған
байқауларды өткізу.
Academy_Programm_Buklet_180x180_ru-5.png2013 жылдың 13-17 қазан күндері аралығында Астана Медициналық Университеті студенттерінің Польшаға алғашқы сапары ұйымдастырылып, олар Polpharma зауытының, Гданьск Медициналық университетінің (Польша), сонымен қатар, Polpharma Biologics ғылыми орталығының жұмысымен танысып, тәжірибеден өтті.

2013 жылдың 12 қарашасында Polpharma компаниясы (Santo компаниясы Polpharma компаниялар тобының құрамына кіреді) мен Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған мәміле медициналық және басқарушы қызметкерлердің біліктілігін көтеру жөніндегі бағдарламаларды ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін дамыту мақсатында жасасылды. Қол қойылған құжаттар денсаулық сақтау саласындағы жаңа ғылыми серіктестікті дамыту, өмір сүру ұзақтығын арттыруға арналған білімдерді қолдану мүмкіндігі, сан алуан дерттердің қоғамға салатын ауыртпалығын азайту және өмір сүру сапасын көтеру мәселелері аясында Polpharma компаниясы мен Өмір туралы ғылымдар орталығының кәсіби және әлеуметтік мүдделері ортақ екендігін айғақтайды.

Academy_Programm_Buklet_180x180_ru-7.png2013 жылдың 16-21 қарашасында «SANTO академиялық бағдарламасы» жобасының аясында Назарбаев Университеті Өмір туралы ғылымдар орталығының жоғарғы профессорлық құрамының Польшаға алғашқы сапары ұйымдастырылды. Осы сапар аясында олар Polpharma зауытының, Гданьск Медициналық университетінің, сонымен қатар, Polpharma Biologics ғылыми орталығының қызметімен танысып қайтты.

2013 жылдың 4 желтоқсанында медицина мен фармация саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру және аяқтап бітіру үшін Астана Медициналық Университетінің ғалымдарына әрқайсысы 1 000 000 теңгеге тең екі грант табысталды.

2014 жыл

SANTO компаниясының қолдауымен Назарбаев Университетінде «Регенеративтік медицина және сапалы ұзақ өмір сұру» атты III Халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция мақсаты регенеративтік медицина саласындағы өзекті мәселелер мен озық жетістіктерді, сапалы ұзақ өмір сүрудің ғылыми негіздерін талқылауды көздеді. Оның барысында геронтология және биомедицина (регенеративтік медицина)
саласындағы озық ғылыми жобаларды және инновациялық зерттеулерге қатысты халықаралық ынтымақтастықты дамытуға басты көңіл бөлінді.

Academy_Programm_Buklet_180x180_ru-8.png2014 жылдың 27 қаңтары-2 ақпаны аралығында Назарбаев Университеті Өмір туралы ғылымдар орталығындағы зертханалардың зерттеушілер тобының Polpharma компаниясының өндірістік қуаттылықтары мен зерттеу орталығына сапары ұйымдастырылды.

22 мамыр күні Santo компаниясы «Шапағат-2014» республикалық өнертапқыштық саласындағы жетістіктер байқауының демеушісі атанып, «Бактерияларға қарсы әсері бар микрокапсулярлы дәрілік затты алу тәсілі» зерттеуі үшін «Өнертапқыш- әйел» аталымындағы жеңімпазға сыйақы табыстады.

2014 жылдың 22-23 мамыр күндері аралығында өзара тиімді қатынастарды нығайту мақсатында Гданьск Медициналық Университеті мен Назарбаев
Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, алғаш рет Назарбаев Университетінің 24 жас ғалымы арасында байқау өткізіліп, байқауда биомедицина мен биотехнология мәселелеріне арналған жұмыстар ұсынылды. Ең үздік жас ғалымдарға Santo академиялық бағдарламасының атынан жалпы құны 1 000 000 теңгеге гранттар табысталды.

2014 жылы SANTO компаниясының қолдауымен Өмір туралы ғылымдар орталығы, «NationalLaboratoryAstana» жекеменшік мекемесі, «Назарбаев Университет» ААҚ Ақмола облысындағы 50-75 жас аралығындағы ауыл тұрғындары арасында кардиометаболизмдік факторлардың қаупіне қатысты эпидемиологиялық зерттеуді іске қосып, оның бірінші кезеңін өткізді. Ақмол ауылында тұратын шартты түрде дені сау 500 сұхбаткердің арасында медициналық-әлеуметтік және антропометриялық көрсеткіштер жинақталды. Сондай-ақ, дене және танымдық функциялар өлшеніп, олардан биоматериал (қан) алынып, оған зертханалық зерттеу жүргізілді. Осы зерттеу Қазақстан Республикасындағы сапалы қартаю үдерістеріне түрлі медициналық-биологиялық факторлардың ықпалын және олардың көрсеткіштерін зерттеуге мүмкіндік беріп, сонымен бірге, әлеуметтік және экономикалық детерминанталардың метаболизмдік синдромның дамуына, жалпы тұрғындардың денсаулығына ықпалын зерттеуге жағдай жасады.

Academy_Programm_Buklet_180x180_ru-11.png 2014 жылдың 22 мамырында әлеуметтік және білім беру жобалары бойынша ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Шымкент қаласындағы Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік Мектебімен және Кәсіпкерлер Палатасымен үшжақты меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою аясында Назарбаев Зияткерлік Мектебінде SANTO компаниясы өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдарлауға арналған ашық сабақ өткізіліп, шығарылатын өнім қаптамаларының үлгілері мен әрекеттегі өндіріс туралы материалдар ілінген ақпараттық стенд қойылды.

2014 жылы SANTO компаниясының мамандары Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясының 4-ші және 5-курстарындағы «фармацевтикалық химия» пәні бойынша емтихан комиссиясына, сондай-ақ, студенттерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Сонымен қатар, университет басшылығының, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының фармакологиялық бақылау органдарының өкілдеріне арнап инъекциялық ерітінділер мен инфузияларды өндіретін цехке сапар ұйымдастырылды. Сондай-ақ студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам үшін компанияның өндірістік қуаттылықтарына экскурсиялар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.

2014 жылдың 23 қазанында SANTO компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімі отандық жалғыз фармацевтикалық университеттің 35-жылдығына орайластырылды. Академиямен арадағы ынтымақтастық келесі бағыттарда дамып жатыр: түрлі ғылыми жобаларды жүзеге асыру; SANTO компаниясының өндірістік қуаттылықтарында таныстыру экскурсияларын өткізу; академия студенттерінің компаниямыздың ғылыми мамандарымен кездесулерін өткізу; академия студенттерін зертхана қызметімен және
кәсіпорындағы өндіріспен таныстыру.

2015 жыл

Academy_Programm_Buklet_180x180_ru-9.png2015 жылдың 16 сәуірінде Шымкентте Қазақстанның жетекші дәрігерлерінің екінші республикалық конгресі өтті. Конгресс Қазақстан, Польша, Ресей, Украинаның денсаулық сақтау салаларындағы мамандардың, ғалымдардың, тәжірибешіл дәрігерлер
мен бейінді мекемелер басшыларының, яғни елтұрғындарының денсаулығы үшін жауапкершілік көтеріп жүрген барлық тұлғалардың басын қосқан мамандандырылған ең ірі іс шараға айналды.

«Назарбаев Университеті» ДББҰ «National Laboratory Astana» жекеменшік мекемесінің Өмір туралы ғылымдар орталығының бас ғылыми қызметкері, Қоғамдық денсаулықты сақтау және эпидемиология зертханасының жетекшісі, - MPH, PhD, м.ғ.к. Әділ Супиев Ақмола облысының 50-75 жастағы ауыл тұрғындары арасында жүргізілген кардиометаболизмдік факторлардың қаупіне қатысты эпидемиологиялық зерттеудің нәтижесін ұсынды.

Academy_Programm_Buklet_180x180_ru-10.pngЗерттеу шеңберінде жүрек-қан тамыр аурулары дамуының кейбір қауіп факторларының таралуына қатысты қызықты нәтижелер алынды. Мәселен, дене салмағының орташа индексі (ДСИ) 29,7-ні құрады, бұл Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда
жоғары көрсеткіш болып табылады. Зерттеуге қатысқан сұхбаткерлердің 45%-ы семіздікке шалдыққаны анықталды.. Осыған қоса, артериалдық гипертензияның (АГ) таралу деңгейі аса жоғарғы болып, ол 70%-ды құраса, тек 24%-ында ғана бұл салыстырмалы түрде төмен деңгейде болды, ал гипергликемияның таралуы 8,6%-ды құрады.

Аталған зерттеудің бастапқы нәтижелері ауыл тұрғындарының арасында кардиометаболизмдік қауіп факторларының кең таралғандығын көрсетіп отыр, сондықтан осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, дерттің алдын алып, емдеу үшін тиімді дәрілерді іздеп табу қажеттілігі туындап отыр.

Academy_Programm_Buklet_180x180_ru-13.png 2015 жылы кардиометаболизмдік қауіп факторларының аймақтардағы көрсеткіштерін ары қарай зерттеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында және оның маңайында орналасқан Бородулиха ауылында зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілді. Зерттеу барысында денсаулықтың медициналық-әлеуметтік және молекулалық-биологиялық барлық детерминанталары бойынша деректер қоры қалыптастырылып, SNP талдауының, қанды биохимиялық талдаудың (глюкоза, гемоглобин, ТГ, ОХ, ЛПНП, ЛПВП, ГГТП) нәтижелері алынды. Сондай-ақ, жүргізілген талдаудың аясында кардиометаболизмдік қауіп факторларының (семіздік, гипертензия, дислипидемия, қант сусамыры және т.б.) аса жоғары деңгейде екендігі анықталды. Сусамырдың жалпы таралу көрсеткіші 12,5%-ды құрады. Қала тұрғындары арасында (16,3%) бұл көрсеткіш ауыл тұрғындарымен
(8,6%) салыстырғанда екі есеге жоғары болды. Сусамырдың таралуы жас мөлшерімен, гипертониямен және семіздікпен тығыз байланысты екендігі, көбінесе бұл ер азаматтар арасында жиі кездесетіні статистикалық сенімді деңгейде анықталды. Сусамырға шалдыққан тұлғалардың 72,3%-ы өздерінің денсаулығының күйі туралы білетін болып шықты, 65,6%-ы емделіп жатқан болса, тек 27,7%-ында ғана глюкоза деңгейі қалыпты деңгейде
болды. Сусамыр туралы хабардар болу, емделу және ауруды бақылау деңгейі қала тұрғындары мен әйелдер арасында айтарлықтай жоғары деңгейде болды.

2015 жылдың наурыз айында SANTO компаниясы Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің жоғары сынып оқушыларына арнап фармацевтика бойынша ғылыми жобалар байқауын іске қосты. 20 сәуір күні байқау қорытындысы шығарылып, бірінші, екінші және үшінші орынды иеленген ең үздік үш жұмыс, сондай-ақ, әділқазылар алқасының ойынша лайықты деңгейде орындалды деп танылған 7 қосымша жұмыс іріктеліп алынды. Байқау жеңімпаздары мен номинанттары бағалы сыйлықтарға (планшеттер мен электрондық кітаптар) ие болды.

Сондай-ақ, SANTO компаниясы фармацевтика мамандығы бойынша Қазақстанның немесе шетелдің жоғарғы оқу орнына түсетін мектептің үш түлегіне арнап жыл сайынғы шәкіртақы тағайындады. Шәкіртақылар студенттерге бірінші оқу жылы ішінде төленетін болады.

2015 жылы шәкіртақы Шымкент қаласындағы Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектеріне табысталды. Шәкіртақыға ие болған оқушылардың барлығы NazarbayevUniversity жоғарғы оқу орнына грантқа түсті.

2015 жылдың 21 сәуірінде Назарбаев Университетінде регенеративтік медицинаға арналған семинар өтіп, онда PolpharmaBiologics компаниясының
аға директоры доктор Мартин Клаус Еуропадағы Polpharma өндірісін мысалға келтіре отырып биологиялық препараттарды өндіру жағдайы және
де оларды Қазақстанда шығару мүмкіндігі туралы баяндамасын оқыды. Өз сөзінде Мартин Клаус биологиялық препараттар өндірісін медицинадағы
жоғары жетістік деп атап, осының арқасында көптеген адамның өмір сүру сапасы жақсарып, олардың дәрі-дәрмекке қол жеткізу мүмкіндігі кеңейетіндігін ерекше атап өтті.

2015 жылдың 24 сәуірінде SANTO компаниясы өнертапқыштық саласындағы жетістіктерге арналған «Шапағат-2015» республикалық байқауының демеушісі атанып, «Көкірек қуысының шұңғыма тәріздес деформациясын оперативті емдеу тәсілі» зерттеуіне және «Мобильдік хирургиялық кешен» өнертабысының серіктес авторына сыйақы табыстады.

2015 жылдың 20 мамырында Астана Медициналық Университетінде SANTO компаниясының атынан ақшалай гранттарды алу байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

SANTO Академиялық бағдарламасы байқауының қорытындысы бойынша бір миллион теңгеге тең бас жүлде, сондай-ақ, медицина ғылымдарының
докторы, профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (1935-1998 жылдар) және реаниматология саласындағы эксперименталды және клиникалық мәселелермен айналысқан ғалым Валентин Корпачев атындағы 500 мың теңге мөлшеріндегі грант, Польша фармацевті және шикі мұнайды дистилдеу жолымен керосин алу тәсілін жасап шығарған және керосин шамын ойлап тапқан өнертапқыш Игнатий Лукашевич атындағы 500 мың теңге мөлшеріндегі грант табысталды.

Назарбаев Университетінің 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары мен студенттеріне арналған «SANTO Академиялық бағдарламасы» жобасын жүзеге асыру аясында SANTO компаниясы гранттар байқауын өткізіп, фармакология саласындағы (эксперименталды, клиникалық фармакология,
фармакогенетика, молекулалық фармакология, фармакоэпидемиология, фармакоэкономика) зерттеулер және/немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге
асыру үшін қаражат бөліп отырады.

2015 жылдың 18 қыркүйегінде Назарбаев Университетінің NationalLaboratory мекемесінде атаулы шәкіртақыларды және гранттарды салтанатты табыстау рәсімі өтті. Байқауға студенттер мен жас ғалымдардан бірқатар медициналық мәселелерді шешуге арналған 21 ғылыми жұмыс келіп түсті. Қазылар алқасы олардың ішінен ең үздігін іріктеп алып, 7 жеңімпаздың есімін атады. Гранттар Назарбаев Университетінің NationalLaboratory Өмір туралы ғылымдар орталығының кіші ғылыми қызметкерлеріне, ғылыми қызметкерлеріне және де ассистенттеріне табысталды.

Зерттеу жұмыстарын бағалау кезінде жобаның байқау мақсаттарына сәйкестігі, инновациялылығы, тәжірибе жүзінде оған сұраныстың болуы және Қазақстандағы жүзеге асырылу мүмкіндігі міндетті түрде назарға алынды. Ғылым жөніндегі вице-провост Филипп Фросардтың пікірінше, бұл, әлбетте, қатысушылардың жоғарғы деңгейдегі білімін қамтамасыз етіп, ғылым мен іс-тәжірибенің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеп, оларға қолдау көрсетуге жағдай жасамақ.

2015 жылдың 19 қыркүйегінде SANTO компаниясы Астана қаласында Назарбаев Университетінің 10 үздік оқушысына арнап экскурсия ұйымдастырды. 2015 жылдың 13 қарашасында SANTO компаниясы Шымкент қаласындағы 200 дәріші мен дәріхана желілерінің жұмысшыларына арнап тиісті өндірістік тәжірибе (GMP) стандарттары бойынша тренингтер өткізді. Тренингтер Polpharma және SANTO компанияларының сапа жөніндегі департаменттері мамандарының, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясының жетекші профессорлары мен оқытушыларының, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департамент басшылығының, «Даму» Фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өтті.

2015 жылдың қарашасында SANTO компаниясы Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ аумағында оқу сыныбын ашты. Сынып бөлмесі 15 адамды
оқытуға лайықталған. SANTO компаниясы сыныпты ашу кезінде Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен, Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы
бұйымдар ұлттық сараптама орталығымен және Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясымен меморандумға қол қойды. Бүгінгі күні сынып бөлмесі SANTO Академиялық бағдарламасының қатысушыларына арнап интерактивтік дәрістер мен ашық сабақтар өткізілетін алаңға айналып отыр.

2015 жылы 300 студент Шымкент қаласындағы зауытта тәжірибе мен тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды.

06.png05.png








2016 жылдан бастап SANTO компаниясының оқу сыныбы базасында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясының студенттеріне арнап сабақтар өткізіліп келеді.

Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен, Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар ұлттық сараптама орталығымен  (ДЗҰСО) және Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясымен (ОҚМФА) қол қойылған меморандумның мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында жоба қатысушылары келесі бағыттар аясында ынтымақтастығын күшейту туралы шешім қабылдады:

  • Ғылыми жобаларды жүзеге асыру;

  • SANTO компаниясының өндірістік-ғылыми алаңдарында экскурсияларды өткізу;

  • ОҚМФА, ДЗҰСО және SANTO мамандарының қатысуымен ашық дәрістерді өткізу үшін SANTO компаниясының оқу сыныбын ұсыну;

  • Жас және болашақ мамандардың ОҚМФА, ДЗҰСО, Атамекен және SANTO ғылыми мамандарымен кездесуін ұйымдастыру;

  • жас және болашақ мамандарды  SANTO Ғылыми зерттеу және сынау орталығы зертханаларының қызметімен таныстыру;

  • ОҚМФА, ДЗҰСО және SANTO мамандарының қатысуымен кәсіби бағдарлау сабақтарын ұйымдастыру үшін оқу сыныбын пайдалану;

  • Фармацевтика саласындағы соңғы беталыстар туралы білімдер мен тәжірибелермен алмасу мақсатында фармацевтикалық индустрия өкілдеріне арнап оқу сыныбы базасында диалог алаңын құру;

  • ОҚМФА, ДЗҰСО және SANTO базасында қосымша білім беру бағдарламаларын (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтарын) ұйымдастыру және өткізу;

  • Мамандардың қосымша білім беру бағдарламалары аясындағы білімдерді игеруіне мониторинг жасау, олардың біліміне бақылау жүргізу және оқудан өтіп жатқан мамандарға арнап мінездемелерді дайындау;

  • Оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіби білім беру жоспарларын дайындауға қатысу;

  • Келісім бойынша техникалық және кәсіби білім беретін мемлекеттік ұйымдардың алқалы басқару органдарының жұмысына қатысу;

  • Мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

2016 жылы Шымкент қаласындағы SANTO зауытында 300-ден студент, ал 2017 жылдың бірінші тоқсанында 157 студенттәжірибеден өтті. 2016 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында SANTO Академиялық бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясының бітіруші курстарына арнап зауыттың оқу сыныбында ашық сабақтар өткізілді.

2016 жылдың мамырында компанияның Ғылыми-зерттеу және сынау орталығымен бірлесе отырып Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясы студенттері арасында «Мукалтин» препаратының жаңа үлгілерін дайындау және талдау әдістемелерін жетілдіру бойынша байқау жарияланды. 2017 жылдың 6 наурызында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына естелік сыйлықтар мен ақшалай жүлделерді табыстау салтанаты өтті.

2016 жылдың сәуірінде Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жұмыстар байқауы жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша 10 оқушының жұмысы жеңіске жетті. Оқушылардан барлығы 37 жұмыс келіп түскен болатын. Байқау 2017 жылдың 26 сәуірінде, Халықаралық зияткерлік меншікті қорғау күні қорытындыланды. Байқауды SANTO компаниясының қолдауымен ОҚО Аймақтық кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық зияткерлік меншік институты, ОҚМФА ұйымдастырды. Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар алды.

Сонымен қатар, 2016 жылы Шымкент қаласындағы Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектеріне арналған SANTO шәкіртақы бағдарламасы жалғасын тапты. Шәкіртақылар қазақстандық немесе шетелдік университеттерге фармацевтикамен байланысты мамандықтарға түсетін үш үздік мектеп түлегіне табысталып, бірінші оқу жылы ішінде студенттерге төленетін болады.