ӨЗ ЖҮРЕГІҢЕ ҚҰЛАҚ САЛ

15.10.2018

ӨЗ ЖҮРЕГІҢЕ ҚҰЛАҚ САЛ

Дүниежүзілік жүрек күніне (29 қыркүйек) және Дүниежүзілік тромбоз күніне (13 қазан) орай SANTO компаниясы жүрек-қантамыр ауруларына және оларды алдын алу мәселесіне жұртшылықтың назарын аударту мақсатында әлеуметтік науқанды іске қосты. SANTO-ның өтініші бойынша әртүрлі жанрда ән айтатын Қазақстанның танымал үш музыкалық орындаушысы оларға беймәлім немесе аты аталмаған адамдардың жүрек ырғағына сәйкес өз композицияларын жазып шығарды. Композиция жазылған соң ғана, бұл әндер кімнің жүрегінің «әуеніне» сай жазылғандығы белгілі болды. Сондай-ақ, Алматы мен Шымкентте «Өмір ырғағы» жедел скринингі ұйымдастырылып, қалаған адам өзінің холестерин деңгейін анықтап, қан қысымын өлшеуге мүмкіндік алды. Тура осындай скринингтер екі ай бойы бірқатар өңірлерде өтіп жатыр.

«Өз жүрегіңе құлақ сал» әлеуметтік жобасы жүрекке қамқорлық жасау жетекші отандық фармацевтикалық өндіруші үшін басты бағыттардың бірі екенін байқатады. Мұның өз себебі бар: ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес жүрек-қантамыр аурулары бүкіл әлемдегі өлім-жітімнің басты себебі болып қала беруде. Жыл сайын ғаламшарымыздағы 17,1 млн адам инфаркт пен инсульттан көз жұмады. Жүрек-қантамыр ауруларының өсуіне аз қозғалу, компьютер алдында көп уақыт өткізу, гиподинамия, қалыпты нәрсеге айналып кеткен тұрақты стрестер әсер етіп отыр. Сондықтан семіздік пен жүрек-қантамыр аурулары геометриялық прогрессияда өсіп барады. Астана, Алматы, Көкшетау, Павлодар, Теміртау, Орал, Шымкент сынды қалаларда өткізілген «Өмір ырғағы» жедел скринингі аясында 2500-ден аса адам тексеруден өтті.

«Жүрек ырғағын әуенмен байланыстыра отырып, адамдар өз жүрегінің дыбысына жете көңіл аудара бастайды. Ең бастысы, жүрек соғуы тиіс! Өз жүрегіңнің саулығын ойлап, дер кезінде профилактикалық шараларды қабылдаудың қаншалықты маңызды екендігіне өткізілген скринингтердің қорытындысы айғақ. Біз қазақстандық пациенттердің денсаулығын ойлаймыз, сол себепті халықтың өз денсаулығын күтіп, өмір сапасын жақсартуға көмектесу үшін жыл сайын осындай іс-шараларды өткізіп тұрамыз», - деп атап өтті SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанец.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

SANTO компаниясы туралы:

Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен қызмет жасайтын «Химфарм» АҚ (SANTO компаниясы) – ҚР-дағы ең ірі фармацевтикалық компания. 1882 жылы негізі қаланған. Бүгінгі күні SANTO - қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер арасында көш бастап тұрған компания.

Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1 млрд. 283 млн. таблетка, капсула мен түйіршікті; инъекциялық ерітінді салынған 294 млн. ампуланы; инфузия ерітіндісі құйылған 6 млн. пакеттер мен бөтелкені; 40 миллион антибиотик құтысын (цефалоспориндер) және антибиотик ұнтақтары салынған 13 млн. құтыны (пенемалар/мициндер); сұйық пероралдық дәрілік заттардың 4,5 млн құтысын шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден аса дәрі-дәрмек бар. SANTO – Шымкентте және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1100-ден аса адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарықтарына экспорттайды.

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

Мекенжайы: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» 5Б-блогы, 19-қабат

Тел.: +7 (727) 3121833

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz


Тізімге оралу