«Созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан пациенттерге қатысты емдік болжамды дәрі-дәрмекпен жақсартудың жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын

22.01.2018

«Созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан пациенттерге қатысты емдік болжамды дәрі-дәрмекпен жақсартудың жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын

SANTO компаниясы Қазақстан және Ресейдің жетекші ғалымдары мен кардиологтарының қатысуымен «Созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан пациенттерге қатысты емдік болжамды дәрі-дәрмекпен жақсартудың жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын ұйымдастырады. Шеберлік сабақтар 22 қаңтар күні Алматыда, 23 қаңтар күні Шымкентте және 25 қаңтар күні Астанада өтеді.

Қазіргі таңда жүрек-қантамыр аурулары салдарынан болатын өлім-жітім Қазақстандағы жалпы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып саналады. Басты қауіп-қатер тобына жүрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан науқастар жатады. Ауруды кеш диагностикалау, электролиттік алмасумен, қант сусамырымен, май басумен, қаназдықпен қосақтаса жүретін күрделі патология, осы мәселелердің барлығы кардиологтар үшін қиын шешілетін мәселелерге айналып отыр. Медициналық статистика көрсетіп отырғандай, жүрек қызметінің жетіспеушілігіне жиі ретте қан қысымының көтерілуі, жүректің ишемиялық ауруы, ревматизмдік ақаулар және туындау себебі әртүрлі қаназдық ауруы әкеліп соғады. Эпидемиологиялық мәліметтерге сәйкес Қазақстандағы тұрғындардың 4%-ында жүрек қызметінің жетіспеушілігі жүрек-қантамыр ауруларының көпшілігінде байқалатын, әсіресе, қан қысымының көтерілуі және жүректің ишемиялық ауруы кезінде байқалатын асқыну ретінде диагностикаланады. ДДСҰ мәліметтері бойынша Қазақстандағы қанайналым жүйесіндегі аурулар себепті орын алатын өлім-жітім көрсеткіші ероупалық елдерге қарағанда екі есеге жоғары. Соңғы 10 жылда жүрек-қантамыр ауруларына шалдығу көрсеткіші Қазақстанда 1,7 есеге артқан. Сондай-ақ, 20 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда жүрек қызметінің жетіспеушілігіне байланысты ауруханаға жатқызу деңгейі төрт есеге өскен.

Шеберлік сабақ кезінде «ҚР-дағы созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігімен байланысты эпидемиология – мәселенің өзектілігі» атты баяндаманы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму миинстрлігі «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» директорының Дипломнан кейінгі білім беру және ғылым жөніндегі орынбасары, ғылыми қызмет жөніндегі директор орынбасары, м.ғ.д., профессор Жүнісбекова Г.А. оқыды. А.Л. Мясников атындағы Кардиология ҒЗИ ғылыми-диспансерлік бөлімінің жетекшісі, Бүкіл ресейлік кардиологтар ғылыми қоғамының мүшесі, «Жүрек қызметінің жетіспеушілігі жөніндегі қоғам» ұйымдастырушыларының бірі, «Жүрек қызметінің жетіспеушілігі жөніндегі қоғам мамандарының мектебін» ұйымдастырушылардың бірі болып табылатын м.ғ.д., профессор Агеев Ф.Т. қатысушыларды созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан пациенттерге қатысты емдік болжамды дәрі-дәрмекпен жақсартудың жолдарымен таныстырды. Сондай-ақ, шеберлік сабақ аясындағы панелдік пікірталастарға Тұңдыбаева М.К., Әбсейітова С.Р., Жүсіпова Г.К., Мукаров М.А., Алипова Г.Ш., Әлмұхамбетова Р.К., Жангелова Ш.Б., Кәрібаев К.Р. сынды жетекші мамандар мен кардиологтар қатысты.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

SANTO компаниясы туралы:

Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1,2 миллиард таблетканы, капсула мен түйіршікті, 300 миллион ампуланы және 40 миллион антибиотик құтысын, 6 миллион инфузия пакеті мен құтысын шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден аса дәрі-дәрмек бар. SANTO – Шымкентте және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1000-нан аса адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарықтарына экспорттайды.

Қосымша ақпарат:

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

Мекенжайы: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» 5Б-блогы, 19-қабат

Тел.: +7 (727) 3121833

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz


Тізімге оралу