Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасындағы ғылыми жобалар конкурсында 10 мектеп жұмысы жеңіп шықты

05.05.2017

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасындағы ғылыми жобалар конкурсында 10 мектеп жұмысы жеңіп шықты

Ғылыми Жобалар конкурсы шеңберінде Шымкент қаласындағы химия-биология және физика-математика бағыттарындағы Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің оқушылары 37 жұмыс ұсынды. Конкурстың қорытындысы 26 сәуір – Халықаралық зияткерлік меншікті қорғау күнінде жасалынды. Конкурстың ұйымдастырушылары: ОҚО бойынша Өңіраралық Кәсіпкерлер Палатасы, ҚР ӘМ-нің «ҰЗМИ» РМК-ның филиалы (Ұлттық зияткерлік меншік институты), Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы.

Ең үздік жобалар болып таңдалды: физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 11 F сынып оқушысы Асқар Айбектің жұмысы ««Остеохондрин S» емдік-дауалық косметикалық кремді зерттеу және технологияларды әзірлеу»; химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 11 K сынып оқушысы Аделя Кеутаеваның жұмысы «Химиялық құрамы бай және құрамында сесквитерпенді лактондар бар эфир майын зерттеу және синтездеу арқылы жергілікті ащы жусаннан альернативті дәрі алу»; физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 11 C сынып оқушысы Мерей Момынкулованың жұмысы «Түйе сүтінен жасалған «Бойогурт»». Ең үздік үш жұмыстың авторларына бағалы сыйлықтар – Ipad Air берілді.

Екінші дәрежелі 7 сыйлық (электронды кітаптар) келесі келешекті жұмыстар үшін берілді: «Біржапырақты таспашөп өсімдігінен биологиялық белсенді заттарды алу», жоба авторы Олжас Құлакеев –физика-математика бағытындағы НЗМ 11 F сынып оқушысы; «…», жоба авторы –10B сынып оқушысы Данагүл Тұрсынбекова; «FittyKid» балаларға арналған табиғи органикалық өнімдер тізімі, жоба авторлары – физика-математика бағытындағы НЗМ 11 A сынып оқушылары - Аружан Ашимова және Жансая Дауренбаева; «Оңтүстік Қазақстанда өсетін phlomis salicifoliaның жер үсті бөлігіне фитохимиялық талдау жасау» - физика-математика бағытындағы НЗМ 10A сынып оқушылары – Айнұр Айтмаш, Аяжан Абдумәлік; «Түймедақтың дәрілік қасиеттеріне гидропониканың әсері» - химия-биология бағытындағы НЗМ 11К сынып оқушысы - Рамиля Мамедова; «Жаңа ұрпақ өнімдері. Жеміс сүйектерінен сүйек майын және белсендірілген көмірді өндіру» - химия-биология бағытындағы НЗМ 7 L сынып оқушысы - Маржан Муталова; «ҚР ОҚО жағдайында өсірілген Стевия өсімдік шөбінің негізінде шай өнімін алу» - химия-биология бағытындағы НЗМ 10М сынып оқушысы Дамир Муталов.

Жұмыстарды комиссия бағалады, оның құрамында болды: Марлен Есиркепов, «Ғылымды, білімді және бизнесті дамыту орталығы» ЖШС директоры; Мақсат Елибаев, ҚР ӘМ-нің «ҮЗМИ» РМК (Ұлттық зияткерлік меншік институты) филиалының директоры; Берік Кенжебаев, ОҚО кәсіпкерлер палатасының адам капиталын және әлеуметтік серіктестікті дамыту департаментінің бастығы; Данаил Дончев, «Химфарм» АҚ-ның зерттеулер мен зерттемелер бойынша директоры; Ивета Данце, «Химфарм» АҚ-ның зертханасының бастығы.

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің арасындағы ғылыми конкурс екінші рет өткізіліп отыр. 2015 жылы мектеп оқушылары 24 жұмыс ұсынды, ал 2017 жылы жұмыс саны 37-ге дейін өсті. Осы жобаға «SANTO Академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы шеңберінде «Химфарм» АҚ (SANTO компаниясы), Серіктестік және қосарлы білім беруді дамыту туралы үшжақты меморандум шеңберінде ОҚО Кәсіпкерлер палатасы, Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектептері бастамашылық етті.

«SANTO Академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы 2013 жылы фармацевтикалық өнеркәсіп үшін кадрларды дайындау сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеру мақсатында жүзеге асырыла бастады. Жоба оқу жоспарлары мен әдістемелердің құрылуында бизнестің қатысуы және қазақстандық өнеркәсіпте халықаралық деңгейдегі біліктілікке ие кәсіби кадрлардың қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы шеңберінде жүргізіледі.

«SANTO Академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы шеңберінде ғалымдарға, оқушыларға және студенттерге гранттар бөлінеді; фармацевтикалық индустрия үшін семинарлар мен тренингтер өткізіледі; SANTO және Polpharma мекемелерінде өндірістік тәжірибе жүзеге асырылады; ғылыми және өндірістік алаңдарға танысу сапарлары жүргізіледі.

Бағдарлама шеңберінде «Химфарм» АҚ-ның негізгі серіктестерімен Меморандумдарға қол қойылды: Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы; Астана Медицина Университеті; Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығы; Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі; ОҚО Кәсіпкерлер палатасы; Ұлттық Сараптама Орталығы.

Қолданыстағы Меморандумдар шеңберінде қызметтестіктен бөлек, қосалқы білім беру тұжырымдамасын дамыту және саладағы болашақ мамандарды дайындау сапасын арттыру жағынан белсенді бірлескен жұмыс, ҚР ӘМ-нің «ҰЗМИ» (Ұлттық зияткерлік меншік институты) РМК филиалымен қызметтестік дамып отыр.

Білім беру жобасы шеңберінде «Химфарм» АҚ негізінде 14 адам сыйымдылығымен студенттер мен оқушыларға арналған оқу сыныбы ашық. Жыл сайын компания бүкіл Қазақстаннан 300-ден астам студентті тәжірибеге қабылдайды. Студенттерде «Химфарм» АҚ-ның ең жаңа өндірістік алаңдарында, ғылыми-зерттеу сынақ орталығында, сапаны бақылау зертханасында тәжірибе өту мүмкіндігі бар. Сөйтіп, саладағы болашақ мамандар ноу-хауға, тәжірибеге, «Польфарма» халықаралық тобының заманауи технологияларына қол жеткізе алады.

SANTO туралы:                                                                                          

SANTO Member of Polpharma Group –«Химфарм» АҚ-ның сауда таңбасы (KASE: CHFM). Компания Қазақстан және Орта Азия нарықтарына жоғары сапалы дәрілік құралдарды әзірлейді, өндіреді және жеткізеді. Компанияның өндірістік күштері жыл сайын 1,2 млрд. дәрі, капсула және түйір, 300 млн. ампула, 40 млн. антибиотик құтысын және 6 млн. инфузия пакеті мен құтысын шығаруға мүмкіндік береді. Компания емдеудің әр түрлі салаларында ауруларды емдеуге арналған 12 дәрі-дәрмекпен емдеу тобында 200 астам генерикалық препарат қоржынымен Қазақстанның фармацевтикалық нарығында көшбасшы болып келеді. SANTO компаниясы Шымкент қаласында және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1000-нан астам адам үшін жауапты жұмыс беруші болып табылады.


Тізімге оралу