SANTO ЗАУЫТЫНА ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

11.07.2019

SANTO ЗАУЫТЫНА ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

10 шілде күні SANTO зауытына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мәмин, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп келді. Делегация Парентералдық және пероралдық сұйық дәрілік заттарды өндіретін цехті және де 2019 жылдың 4 шілдесінде өткен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі 32-пленарлық сессиясына орай ұштастырылып ашылған SANTO Цифрлік инженерлік және білім беру орталығын көріп қайтты.

100 млн. теңгеге жуық инвестиция құйылған Орталықтың басты міндеті – компания мамандарының біліктілігін көтеру, сондай-ақ, IT-технология, метрология, автоматтандыру, технологиялық үдерістерді басқару саласы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттерін оқыту.

Орталықта екі негізгі оқу сыныбы бар: «Ақпараттық технологиялар» сыныбында бағдарламалау және реляциялық деректер базасына әкімшілік ету (Oracle, MS SQL), Java және WEB бағдарламалау, SAP жүйелерінің ERP құрылымы, серверлер және серверлік қосымшалардың құрылымы және оларға әкімшілік ету бойынша оқу жүргізіледі, ал «Үдерістерді автоматтандыру және басқару» оқу сыныбында өнеркәсіпік контроллерлерді қолдана отырып реттеу жүйелерін автоматтандыру және пайдалануға беру, бағдарламаланатын контроллерлер базасында автоматтандыру жүйелерін құру, жиілік өңдегіштер базасында элекрожетектерді конфигурацияялау, 3D-модельдеу және 3D-баспа технологиялары, температураны, қысым мен ылғалдылықты өлшеуге арналған аспаптарды калибрлеу саласында дағдылар меңгеріледі.

2013 жылы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған Парентералдық және пероралдық сұйық дәрілік заттарды өндіретін цех үлкен және кішкентай мөлшерлемедегі парентералдық ерітінділерді, сондай-ақ, зарарсыздандырылмаған сұйық дәрілік заттарды шығаратын бірегей өндіріс болып табылады. Еуразия аймағында теңдесі жоқ аталмыш цехтың жылдық өнімділігі 140 млн. инъекция ампуласын, 2.8 млн. инфузия қаптамасын, зарарсыздандырылмаған сұйық дәрілік заттардың 3 млн. бөтелкесін құрайды. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 40 млн. АҚШ долларына тең.

Сондай-ақ, компания Арыста зардап шеккен тұрғындарға қосымша көмек көрсететіндігі жайлы хабарлады. Қалада төтенше оқиға орын алған сәтте компания зардап шеккендерге жедел көмек көрсету үшін қажетті дәрілік заттарды медициналық жұмысшыларға ұсынды. Олардың ішінде ауырсынуды басатын дәрілер, кардиопрепараттар, антибиотиктер бар. Дәрі-дәрмектерге қоса, жеке гигиена заттары, балаларға арналған бір реттік жөргектер, эвакуация кезінде тұрғындар жатқан жатақханаларға арналған матрастар жіберілді. Сондай-ақ, компания қызметкерлері де жеке үлестерін қосуға тырысты, қалаған адам зардап шеккендерге қаржылай көмек ретінде ақша аударды. Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 3,6 млн. теңге құрады. Арыс тұрғындарына дәрілерді, медициналық бұйымдарды және жабдықтарды сатып алу мақсатында компания басшылығы атынан 20 млн теңгеге сертификат табысталды.

Жұмыс сапары кезінде SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанец былай деп атап өтті: «Шілде айының басында біздің инвесторымыз - Polpharma Тобы бақылау кеңесінің президенті Ежи Старак ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі 32-пленарлық сессиясы аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және премьер-министр Асқар Мәминмен кездесіп, SANTO зауытының мысалында ҚР фармацевтикалық индустриясында инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылып жатқандығы жайлы оларға әңгімеледі, компанияның өндірістік алаңдарын ары қарай жаңғырту туралы жоспарларымен бөлісіп, Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту үшін Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық жүргізіліп жатқандығы жайлы сөз тарқатты. Бүгін біздің зауытымызда премьер-министрмен жеке жүздесіп, біздің жетісіктерімізді көрсетіп отырғаныма мен аса қуаныштымын».

SANTO туралы:

Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен қызмет жасайтын«Химфарм» АҚ (SANTO компаниясы) Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында қызметін жүргізетін халықаралық Polpharma фармацевтикалық тобының бір бөлігі болып табылады. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 240-тан аса дәрі-дәрмек бар.


Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан, секілді сегіз елдің нарықтарына экспорттайды.

Қосымша ақпарат:

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» БО, 5Б блогы, 19-қабат

Тел.: +7 (727) 3121833

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz


Тізімге оралу