SANTO КОМПАНИЯСЫ ЖӘНЕ С. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

15.05.2018

SANTO КОМПАНИЯСЫ ЖӘНЕ С. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«SANTO академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы аясында 15 мамыр күні С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің кіші залында SANTO компаниясы және С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ арасында Ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қою салтанаты өтті.

Салтанатты іс-шараға келген қонақтар мен қатысушылар алдында университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талғат Нұрғожин және SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанец құттықтау сөзін сөйледі.

Меморандумға қол қойып жатып, екі тараптың өкілдері теңдей құқық және өзара пайда тигізу қағидасына сәйкес ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға және де оны жүзеге асыру үшін ұйымдастыру жағынан және қаржылай қодау көрсету түрінде жағдай жасауға ниетті екенін білдірді. Атап айтқанда, білім беру аясындағы ынтымастық аясында бірлесе білім беру бағдарламасын дайындау жоспарланған. Өз тарапынан SANTO компаниясы университет студенттеріне тағылымдамаларды ұйымдастыруды, тәжірибелік семинарлар мен конференцияларды, ғылыми зерттеулерді өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, меморандум аясында халықаралық журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялау, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және де қазіргі заманғы медицинадағы өзекті мәселелерді шешу үшін өзара күш біріктіру көзделген.

«Қазақстанның жетекші медициналық университеттерінің бірі бүгін біздің серіктесімізге айналып отырғанына мен аса қуаныштымыз, - деп атап өтті өз сөзінде Ижи Урбанец мырза. – Сондай-ақ, университеттің баскетбол және волейбол командаларына арнап спорт киімдерін, спорт жабдығын сатып алуға көмектескенімізді де қуана жеткізгім келеді. Ынтымақтастық құруға қарай басқан осы алғашқы қадамымызды ары қарай да жемісті түрде дамытуға дайынбыз. Бүгін жаңа меморандумға қол қойып отырғанымыз – біз үшін айтулы оқиға, өйткені биыл біздің «SANTO академиялық бағдарламамызға» 5 жыл толып отыр. Осы кезең ішінде біз Астана медициналық университетімен, Назарбаев Университетімен, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясымен, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығымен, Оңтүстік Қазақстан облысы өңіріндегі Кәсіпкерлер палатасымен жемісті ынтымақтастық орнатып үлгердік. Меморандумдар аясында студенттер, мектеп оқушылары, ғалымдар компанияның Қазақстандағы және Польшадағы өндірістік қуаттылықтарын, зерттеу жүргізетін зертханаларын көріп қайтуға мүмкіндік алып, келешегі мол ғылыми жұмыстары үшін гранттарға ие болып отыр».

Естеріңізге салып өтсек, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жүзеге асыру үшін 2013 жылы компанияның «SANTO академиялық бағдарламасы» атты басты білім беру жобасына бастама берілді. Жоба ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылдың 22 мамырындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінде белгілеген бағыты шеңберінде фармацевтикалық өнеркәсіп сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеруді көздейді. Елбасы өз сөзінде инновацияларды қажетті кадрлармен қамтамасыз ету, халықаралық деңгейдегі біліктіліктері бар инженерлік, техникалық кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін білім беру жүйесін икемдеу қажет, сондай-ақ, оқу жоспарлары мен әдістемелерді қалыптастыруға бизнесті қатыстыру, жергілікті мамандар қатарынан жоғары кәсіби кадрлар құрамын қалыптастыру үшін шетелдік мамандарды тарту қажет деген ойды ерекше атап өткен болатын.

 

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

SANTO компаниясы туралы:

Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1 млрд. 283 млн. таблетка, капсула мен түйіршікті; инъекциялық ерітінді салынған 294 млн. ампуланы; инфузия ерітіндісі құйылған 6 млн. пакеттер мен бөтелкені; 40 миллион антибиотик құтысын (цефалоспориндер) және антибиотик ұнтақтары салынған 13 млн. құтыны (пенемалар/мициндер); сұйық пероралдық дәрілік заттардың 4,5 млн құтысын шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден аса дәрі-дәрмек бар. SANTO – Шымкентте және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1000-нан аса адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарықтарына экспорттайды.

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

Мекенжайы: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» 5Б-блогы, 19-қабат

Тел.: +7 (727) 3121833

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz


Тізімге оралу