SANTO КОМПАНИЯСЫ С. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ-ДЕ ДӘРІСТЕР ТОПТАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

29.05.2018

SANTO КОМПАНИЯСЫ С. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ-ДЕ ДӘРІСТЕР ТОПТАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«SANTO Академиялық бағдарламасы» жобасы және С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында SANTO компаниясы медициналық университеттің студенттері мен оқытушыларына арналған дәрістер топтамасын іске қосты. Алғашқы дәрісті «Фармация» факультетінің 4-курс студенттері тыңдауға мүмкіндік алып, 28 мамыр күні SANTO компаниясының сапаны қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Элина Пороль және компанияның қойма кешенінің басшысы Владислав Цхай оларға дәріс оқыды.

Өз дәрісі кезінде Элина Пороль компания миссиясы, қазіргі заман жағдайында дәрі-дәрмектерді өндіру ерекшеліктері, GMP тарихы жайлы әңгімелеп, халықаралық стандарт бұзылғанның салдарынан орын алған қайғылы оқиғаларды мысал ретінде келтірді. Сондай-ақ, спикер компаниядағы қандай цехтер жаңғыртылып, GMP талаптарына сай жұмыс жасап жатқандығына, өндірістің бүкіл кезеңінде өнім сапасына қалай бақылау жасалатындығына кеңінен тоқталып өтті. SANTO компаниясы жақында өз өндірісінің GMP стандартының талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын үш сертификатқа ие болғандығы белгілі. Атап айтқанда, қазір компанияның қоржынында келесі сертификаттар бар: цефалоспорин тобына жататын, бета-лактамдық топқа жататын (карбапенемдер) антибиотиктерді, аминогликозидтер мен полипептидтік антибиотиктер ұнтағын асептикалық жолмен бөліп салуға арналған өндірістік алаң; қатты пероралды дәрілік заттарды шығаратын өндірістік алаң; инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар өндірісі және де дәріхана қоймасы.

Сонымен қатар, Владислав Цхай «Талапқа сай дистрибьюторлық практика (GDP)» тақырыбында студенттерге дәріс оқыды. Атап айтқанда, ол дәрілік заттарды жеткізудің бүкіл сатысында оның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасз етуге, көлікпен тасымалдау және таратуға қойылатын талаптарды қатаң сақтаудың, сондай-ақ, жеткізу тізбегіне фальсификатталған дәрі-дәрмектің қосылып кету қаупін алдын алудың маңыздылығына тоқталды. SANTO компаниясында осы мақсатта тиісті инфрақұрылымның, яғни заманауи қойма кешенінің бар екендігі, бүкіл операциялық рәсімдерді атқарып, құжатқа түсіріп, дәрі-дәрмекті сақтау және жеткізу кезінде бүкіл талаптарды сақтап отырған жауапкершілігі мен біліктілігі жоғары қызметкерлердің жұмыс жасайтындығы жайлы студенттер кеңінен ақпар алды. Осыған қоса, дәріс кезінде спикерлер студенттердің сұрақтарына жауап берді. Заманауи жоғары стандарттарға сәйкес келетін кәсіпорын қызметі студенттердің үлкен қызығушылын тудырып, тыңдаушылар дәрілік препараттарды дайындау және өндіріске ендіруге қатысты, сондай-ақ, кәсіпорынға жұмысқа орналасуға қатысты сауалдарына жауап алды. Ең бастысы, жастар фармацевтикалық өндірістің дамуындағы қазіргі заманғы беталыстар жайлы практик-мамандардың өз аузынан естіп біліп, SANTO компаниясы жоғары технологиялық, озық ғылыми жетістіктерге сәйкес қызмет етіп отырған ғылыми әлеуеті зор өндіріс екендігіне, онда химиялық-технологиялық және фармацевтикалық мамандықты жетік меңгерген көптеген жоғары білікті қызметкерлер жұмыс жасайтындығына көз жеткізе алды.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------SANTO компаниясы туралы:

Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1 млрд. 283 млн. таблетка, капсула мен түйіршікті; инъекциялық ерітінді салынған 294 млн. ампуланы; инфузия ерітіндісі құйылған 6 млн. пакеттер мен бөтелкені; 40 миллион антибиотик құтысын (цефалоспориндер) және антибиотик ұнтақтары салынған 13 млн. құтыны (пенемалар/мициндер); сұйық пероралдық дәрілік заттардың 4,5 млн құтысын шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден аса дәрі-дәрмек бар. SANTO – Шымкентте және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1000-нан аса адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарықтарына экспорттайды.

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

Мекенжайы: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» 5Б-блогы, 19-қабат

Тел.: +7 (727) 3121833

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz


Тізімге оралу