ӨМІР ЫРҒАҒЫ

21.05.2018

ӨМІР ЫРҒАҒЫ

SANTO компаниясы Дүниежүзілік күретамыр гипертониясы күніне орай өңірлерде «Өмір ырғағы» атты жедел скринингтер топтамасын өткізді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша мамыр айының екінші сенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік күретамыр гипертониясы күніне орай SANTO компаниясы еліміздің өңірлерінде «Өмір ырғағы» атты жедел скринингтер топтамасын өткізді. Әлеуметтік жоба аясында қалаған адам қан қысымын өлшеп, холестерин деңгейін анықтап, қажет болған жағдайда дәрігерден кеңес ала алды. Аталмыш маңызды іс-шара күретамыр гипертониясын, жүрек ауруларын диагностикалау және емдеудің, алдын алудың заманауи тәсілдері жөнінде халықтың хабардарлығын көтеруге бағытталды.

Емхана дәрігерлерінің қатысуымен өткізілген жедел скринингтер Атырау, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Қарағандыда, Саранда және Рудныйда ұйымдастырылды. Скринингтен өткендердің қан қысымы 120/80 мм құрайтын қалыпты деңгейден ауытқыған жағдайда, қатысушылар сол жерде дәрігерден кеңес ала алды. Сондай-ақ, емделуге қатысты кеңестер берілгеніне қоса, күретатамыр гипертониясы сынды күрделі аурумен байланысты қауіптерді барынша төмендету мақсатында осы ауруға әкелетін себептер және де оның қауіпті салдары жөнінде бүктеме парақшалар тұрғындар арасында таратылды.

Осыған қатысты SANTO компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Елена Арышева былай деп атап өтті: «Біздің компанияның «Өмір ырғағы» атты жобасы жүрек-қантамыр жүйесіндегі ауруларды дер кезінде диагностикалап, тұрақты емделуден өту керектігіне жұртшылықтың назарын аудартуға бағытталған. Қазірдің өзінде жобаға мыңнан аса адам қатысып үлгерді. Жедел скринингтер адамдарға өз денсаулығын ойлап, қажет болған жағдайда тиісті емшараларды қабылдауға көмектесіп отырғанына мен сенімдімін».

ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес әлемдегі әрбір бесінші ересек адамда жоғары қан қысымы болады, ал бұл өліммен аяқталатын инсульт пен жүрек ауруларының жартысынан астамына себеп болып табылады.

Статистикаға сенсек, Қазақстанда бұл өзекті мәселеге айналған. Еліміздің ересек тұрғындары арасындағы күретамыр гипертензиясының таралу кеңдігі 49,8%-ды құрайды. Осы тұста жүрек-қантамыр жүйесімен байланысты қауіп факторлары жайында тек 25%-ы ғана білетінін атап өткен жөн. Оның үстіне, дәрігерлердің бағалауынша, гипертензияға қарсы препараттарды тұрақты түрде гипертонияға шалдыққандардың тек 27%-ы ғана қабылдайды екен, олардың ішіндегі 22%-ы ғана мақсат етіп көзделген көрсеткішке жететін болып тұр.

Осы ретте қан қысымының деңгейі және жүрек-қантамыр жүйесіндегі аурулар арасында өзара байланыс бар екендігі дәледенген, ал бұл жағдайдың адам қазасына әкелетіні де сирек емес. Күретамыр гипертензиясына әкелетін факторларға генетикалық бейімділік, қант сусамырымен ауыру, семіздік, бүйрек аурулары, астұзды, ішімдікті шектен тыс тұтыну, шылым шегу, стресс, аз қимылдау жатады. Осындай факторлардың ортақ әсерімен күретамыр гипертензиясы дамиды. Жоғары қан қысымын емдемесе немесе оған мән бермесе, оның салдары не инфракт, не ми инсульты, не бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Күретамыр гипертензиясының «жаймен жан алғыш» деген атқа ие болғаны да осымен байланысты.

Жедел скринингтер кезінде гипертонияға шалдыққан адамдарды ғана емес, сонымен бірге, оның күрделі ауру екендігі, оны дер кезінде емдеу қажеттігі жөнінде мәлімет беріліп, әрбір адам өз қан қысымын бақылап жүруі үшін қажетті дағдылар үйретіліп, қан қысымы тегін өлшенді. Сонымен бірге, профилактикалық шараларды қабылдау, салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде жұртшылықтың пікірін қалыптастыруға жағдай жасалды.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

SANTO компаниясы туралы:

Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1 млрд. 283 млн. таблетка, капсула мен түйіршікті; инъекциялық ерітінді салынған 294 млн. ампуланы; инфузия ерітіндісі құйылған 6 млн. пакеттер мен бөтелкені; 40 миллион антибиотик құтысын (цефалоспориндер) және антибиотик ұнтақтары салынған 13 млн. құтыны (пенемалар/мициндер); сұйық пероралдық дәрілік заттардың 4,5 млн құтысын шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден аса дәрі-дәрмек бар. SANTO – Шымкентте және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1000-нан аса адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарықтарына экспорттайды.

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

Мекенжайы: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» 5Б-блогы, 19-қабат

Тел.: +7 (727) 3121833

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz


Тізімге оралу