КАРДИОЛОГТАРДЫҢ VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

30.03.2019

КАРДИОЛОГТАРДЫҢ VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

29-30 наурыз күндері Астанада «Клиникалық тәжірибедегі дәлелді кардиология» атты VI Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. SANTO компаниясы іс-шараның бас демеушісі ретінде ат салысты. Форумның басты міндеттері көптеген жылдар бойы өзгермеген күйі : жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларын алдын алу және диагностикалау тәжірибесімен бөлісіп, инновациялық емдеу әдістерімен алмасу. Биыл конференция бағдарламасы аясында пленарлық симпозиумдар өтті.

Конференцияға медицина қауымдастығының өкілдері, кардиологиялық клиникалар мен орталықтардың басшылары, тәжірибедегі кардиолог-дәрігерлер, алыс шетелден, басқа өңірлер мен қалалардан келген кардиохирургтар, реаниматологтар, эндокринологтар мен ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары шақырылды. SANTO компаниясы жетекші спикер ретінде Ресейден медицина ғылымдарының докторы И.В. Жировты шақырды. Қалыптасқан дәстүр бойынша қатысушылар жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын емдеу және диагностикалаудың ерекшеліктері, осы саладағы ең маңызды жетістіктер, жаңа бағыттар мен өзгерістер жайлы сөз қозғап, кардиология және кардиохирургия саласындағы жетекші шетелдік қауымдастықтардың клиникалық нұсқаулықтарындағы және ұсынымдарындағы соңғы жаңалықтармен танысты.

Қазіргі өмірдегі стрестер және жағымсыз жайттар жүрек ауруларымен байланысты мәселені көкейтесті етіп отыр. Статистикаға сәйкес еліміздегі жалпы өлім-жітім құрылымында жүрек-қантамыр аурулары 50%-дан аса көрсеткішке ие болп отыр. Созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан адамдардың саны да жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 40-60 жас аралығындағы адамдар арасында оның көрсеткіші 5-6%, ал 60 жастан асқан адамдар арасында 10-12%-ды құрайды, яғни екі есе көп. Іс жүзіне келгенде, жүрек-қантамыр ауруларына республикамыздың экономикасына белсенді үлес қосып отырған халықтың 12%-ға жуығы шалдыққан. ДДСҰ деректеріне сәйкес ғаламшарымыздағы алты тұрғынның біреуі инсульттан өтеді. Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі инсультпен ауыру көрсеткіші 1000 адам басына шаққанда 2,5 – 3,7 оқиғаны құрайды, ал одан болатын өлім-жітім жылына 1000 адамға шаққанда 1,0 до 1,8 оқиғаны құрайды.

Жүрек-қантамыр ауруларының осылай асқынуына жол бермеу үшін кардиотерапиядағы нәтижелерді қалай жетілдіруге болады, клиникалық тәжірибені халықаралық талаптарға сай қалай дұрыс ұйымдастыру қажет – осы мәселелер конференцияның тақырыптық симпозиумдарында оқылған баяндамалар кезінде әңгімеге арқау болды. Баяндамалар кезінде миокардты реваскуляризациялау, жүрек қақпашасындағы патологияларды емдеу, күретамырдың перифериялық ауруларын диагностикалау және емдеу, қант сусамыры және қантсусамырына дейінгі хал-ахуал, жүрек-қантамыр ауруларын жүктілік кезінде қадағалау жөніндегі 2018 жылғы ЕКҚ/ЕКХҚ нұсқаулықтарына, халықаралық нұсқаулықтардағы фармакологиялық тұстарға және іс жүзіндегі клиникалық тәжірибеге шолу жасалды. Жүрек-қантамыр ауруына шалдығу қаупі жоғары науқастарды қарау және созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігін емдеудің өзекті мәселелері жөнінде м.ғ.д. И.В. Жиров спикер ретінде баяндама оқыды. Қатысушылар дислипидемияны түзетуге қатысты жаңартылған ұсынымдармен, инфарктінің 4-ші түріне шалдыққан науқастарды диагностикалау және емдеу ерекшеліктерімен танысты. Конференция модераторлары ретінде медицина ғылымының докторлары С.Абсеитова, Ф.Агеев, Г. Жүнісбекова қатысты.

*****************************************

SANTO туралы:

Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен қызмет жасайтын«Химфарм» АҚ (SANTO компаниясы) Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында қызметін жүргізетін халықаралық Polpharma фармацевтикалық тобының бір бөлігі болып табылады. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 240-тан аса дәрі-дәрмек бар.

Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан, секілді сегіз елдің нарықтарына экспорттайды.

 

******************************************

Қосымша ақпарат:

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» БО, 5Б блогы, 19-қабат

Тел.: +7 (727) 3121833

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz


Тізімге оралу