ЕЛБАСЫ «ХИМФАРМ» АҚ-НЫҢ ЕҢ ІРІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНДА ҚАТТЫ ПЕРОРАЛДЫ ДӘРІЛІК ЗАТТЫ ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЦЕХТІ ІСКЕ ҚОСТЫ

06.12.2017

ЕЛБАСЫ «ХИМФАРМ» АҚ-НЫҢ ЕҢ ІРІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНДА ҚАТТЫ ПЕРОРАЛДЫ ДӘРІЛІК ЗАТТЫ ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЦЕХТІ ІСКЕ ҚОСТЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барстың қадамы» жыл сайынғы жалпы ұлттық телекөпірі кезінде «Химфарм» АҚ өндірістік алаңындағы жаңа цехтен тікелей эфир жүргізілді.
Бүгін Астанадан жүргізілген тікелей эфир кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ-ның ең ірі фармацевтикалық зауытында қатты пероралды дәрілік заттарды өндіретін цехті іске қосты. Жылдық өндірістік қуаттылығы 600 млн. таблетка құрайтын бұл жаңа өндірістің іске қосылуы кәсіпорын инвесторы әрі ең ірі еуропалық фармацевтикалық өндірісшілердің бірі болып табылатын Polpharma тобының жоспарлы түрде жүзеге асырып отырған ауқымды инвестициялық бағдарламасы аясындағы кезекті жетістікке айналып отыр.
Құны 13,5 млн АҚШ долларына тең бұл жаңа цех  фармацевтикалық өнім өндірісіне қойылатын GMP талаптарына сәйкес салынды. Цех желісінде заманауи жабдық орнатылған, ал қызметкерлер құрамы Polpharma тобының ең озық өндірістік алаңдарында арнайы оқудан өткен.
Естеріңізге салып өтсек, инвестициялық бағдарламаға сәйкес кәсіпорында ампулаларға салынған дәрілік заттардың жаңа өндірісі, пакеттер мен құтыларға құйылған инфузиялық ерітінділер өндірісі, антибиотик ұнтақтарын шығаратын екі цех сынды өндірістер іске қосылған, сондай-ақ, жаңа өнімдерді сақтайтын қойма, Ғылыми-зерттеу және сынақ жүргізу орталығы, сапаны бақылайтын зертхана, кәсіпорынның жалпы инфрақұрылымы жаңартылды.
«Химфарм» АҚ бас директоры Ижи Урбанец Елбасы алдында сөйлеген сөзінде былай деп атап өтті: «Польфарма тобы үшін бұл – 2011 жылдан бастап салынып келе жатқан төртінші жаңа цех. Игерілген жалпы инвестициялар көлемі 108 млн доллардан асты. «Химфармның» негізгі акционері атынан фармацевтикалық саланы қолдап, инвесторлар үшін жайлы жағдайларды жасап отырғаныңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз».
«Фармацевтикаға құйылып жатқан инвестицияларға мен жеке өзім бақылау жасап отырамын. Естеріңізде болса, Қазақстан дәрілік заттардың 90%-ын шетелден әкелетінін осыдан 10 жыл бұрын айтқан едім. Осы қажеттіліктің ең болмағанда 50%-ын өзімізде өндіру туралы міндетті қойдым. Ал бүгін Шымкенттегі «Химфарм» польшалық компаниямен бірге көшбасшыға айналып отыр. Денсаулық министрлігі бізде өндіріліп жатқан сапалы әрі аса қажетті дәрі-дәрмектерді еліміздің нарығында өткізу үшін барынша жағдай жасауы тиіс екенін тағы да баса атап өткім келеді. Біз оларды көтермелеуіміз қажет. Бұл өте керемет», - деді Елбасы телекөпір кезінде.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

SANTO компаниясы туралы:
Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 600 миллион таблетканы, 300 миллион ампуланы және 40 миллион антибиотик құтысын, 6 миллион инфузия пакеті мен құтысын шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік 200-ден аса дәрі-дәрмек бар. SANTO – Шымкентте және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1000-нан аса адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарықтарына экспорттайды.
Қосымша ақпарат:
Татьяна Филипчик, PR-менеджер
SANTO компаниясы
Мекенжайы: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» 5Б-блогы, 19-қабат
Тел.: +7 (727) 3121833
e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz
www.santo.kz

Тізімге оралу