Дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды қаржыландыру жүйесі аясында медициналық технологияларды бағалау әдістері және оны қолдану

15.03.2018

Дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды қаржыландыру жүйесі аясында медициналық технологияларды бағалау әдістері және оны қолдану

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және SANTO компаниясы арасында қол қойылған меморандум аясында 12-16 наурыз күндері Астанада Polpharma компаниясының қолдауымен «Дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды қаржыландыру жүйесі аясында медициналық технологияларды бағалау әдістері және оны қолдану» тақырыбында сараптау тренингі және «Денсаулық сақтауды стратегиялық басқару және реттеу кезінде медициналық технологияларды бағалау: дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды қаржыландыру жүйесі аясында ұлттық және аймақтық деңгейде шешімдер қабылдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ісшаралар кезінде Доктор Кшиштоф Ланда жаттықтырушы және басты спикер ретінде қатысты. Кшиштоф Ланда – Dentos халықаралық кеңес берушісі, Dentos Business Dervices EMEA халықаралық компаниясының стратегиялық медициналық технологиялар мәселелері жөніндегі кеңес берушісі, кезінде 2015-2017 жылдар аралығында Польша Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымын атқарған. Тренинг жұмысына Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығындағы медициналық технологияларды бағалау және дәрі-дәрмекпен орынды түрде қамсыздадыру саласындағы сарапшылар, сондай-ақ, еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне қарасты басқа да ұйымдардың мамандары қатысты.

Медициналық технологияларды бағалау (МТБ) денсаулық сақтау саласындағы саясатты талдау үшін қолданылатын кешенді пәнаралық тәсілдеме болып табылады. Ол медициналық көмекті көрсетуге арналған қолданыстағы немесе жаңа технологияларды пайдаланудың алыс уақыттағы салдарын зерттеуге негізделген. Медициналық технологияларды бағалау қабылданатын шешімдерді негіздеу және де дәлелді ақпарат негізінде денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастыру үшін жүргізіледі. Бұл тәсілдеме аясында дәрілік заттар, медициналық жабдық, емшаралар, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдық құрылымы сынды медициналық технологиялар бағаланады.

Тренингке қатысушылар медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды қаржыландыру жүйесіне қарасты медициналық технологиялар әдістерін қолдану бойынша халықаралық тәжірибе мен сараптаманы, дәлелді медицина, биостатика, медициналық технологиялар құны туралы деректерді бағалау саласындағы нұсқауларды, басты жеңілдіктер қоржынын қаржыландыруды, соның ішінде дәрідәрмекпен қамсыздандыру, құндылық пен құн арақатынасын ескере отырып баға белгілеуді ендірудің келешегін тереңінен зерттеді. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалау және ендіру кезеңінен өтіп жатқандықтан, осы саладағы озық халықаралық тәжірибені және үздік іс-тәжірибені зерттеу ерекше практикалық маңызға ие.

Дөңгелек үстел кезінде 15-16 наурыз күндері сарапшылар дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды қаржыландыру тізімін қалыптастыру және де міндетті медициналық сақтандыру аясындағы басты жеңілдіктер қоржынын қалыптастыру кезінде шешімдер қабылдау үшін медициналық технологияларды бағалаудың ойнайтын рөлін, медициналық сақтандырудың негізгі және қосымша қоржындары, басымдықтарды белгілеу, light touch немесе heavy touch генттіктерінің МТБ операциялық үлгісін ортаға салды. Сондай-ақ, қатысушылар МТБ жөніндегі ұлттық нұсқауды және Еуропалық Одақтың дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды қаржыландыру жүйесін реттеу бойынша тәжірибесін Польша мысалында қарастырып шықты.

Дөңгелек үстел жұмысының ашылуы кезінде SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанец былай деп атап өтті: «Доктор Ланданың қатысуымен осы аптада өткен кездесу мен тренингті ұйымдастыру – денсаулық сақтау жүйесін табысты дамыту үшін халықаралық іс-тәжірибе мен стандарттарды ендіру жолындағы аса маңызды қадам. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін ендіру қарсаңында тұрған Қазақстан үшін қазір бұл аса өзекті мәселе. Тренингке және дөңгелек үстелге қатысушылар дәрідәрмекпен қамсыздандыруды қаржыландыру жүйесіне қатысты шешімдерді қабылдау кезінде сараптамалық медициналық технологияларды бағалау бойынша Еуропалық Одақтың тәжірибесімен танысты. Өйткені білім мен жаңа тәжірибе – бұл біздің болашағымыз, Қазақстанның болашағы, осының арқасында көптеген науқастар емге қол жеткізе алады».


SANTO компаниясы туралы:

Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта
Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1,2 миллиард таблетканы, капсула мен түйіршікті, 300 миллион ампуланы және 40 миллион антибиотик құтысын, 6 миллион инфузия пакеті мен құтысын шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның
қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден аса дәрі-дәрмек бар. SANTO – Шымкентте және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1000-нан аса адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарықтарына экспорттайды.

Қосымша ақпарат:
Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

Мекенжайы: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау»
5Б-блогы, 19-қабат
Тел.: +7 (727) 3121833

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz
www.santo.kz

Тізімге оралу