БАС АУРУЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ

15.06.2017

БАС АУРУЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ

Қарағанды, 2017 жылдың 15 маусымы

«Смағұл Қайшыбаев атындағы Неврология институты» ғылыми-тәжірибелік орталығы» Неврологтар лигасы» ҚБ SANTO компаниясының қолдауымен «Бас ауруының менеджменті» атты ғылыми-зерттеу жобасына бастама берді. Жобаның басты мақсаты бас сақинасына қатысты мәселелерді, оны дианостикалау және емдеудің заманауи әдістерін зерттеуді көздейді. 15 маусым күні Қарағанды қаласында аталмыш жобаның таныстырылымы өтті. Осындай іс-шаралар тағы Астана, Алматы және Шымкентте өтпек.

ДДСҰ бағалауына сәйкес ересек тұрғындар арасында бас ауруының таралуы шамамен 50 %-ды құрайды. Дүниежүзіндегі халықтың 4 %-ында ай сайын 15 күннен астам уақытқа созылатын бас ауруы кездеседі.

Ұялы телефондар, компьютерлер, сан алуан гаджеттер сынды заманауи байланыс құралдары, стресс жағдайында өмір сүру және тағы да басқа факторлар бұл жағдайды ушықтырып отыр.

Бас ауруына жасы, нәсілі, табыс деңгейі және орналасқан орнына байланыссыз кез келген адам шалдығуы мүмкін болғандықтан, бұл жаһандық мәселе болып табылады.

Өкінішке орай, бас ауруына жете назар аударылмай отыр, оның үстіне оны ерте танып, оған тиісті түрде емдеу жүргізілмейді.

Сондықтан «Смағұл Қайшыбаев атындағы Неврология институты» ғылыми-тәжірибелік орталығы» Неврологтар лигасының бас сақинасына қатысты мәселені республикалық деңгейде қарастырып отырғаны кездесоқ емес. Жобаның басты мақсаты - ҚР-да бас ауруына шалдыққан науқастарды қараудың алгоритмін дайындап, ендіру, туындау себебі басқаша бас ауруы құрылымындағы бас сақинасының таралу кеңдігін бағалау, басы ауыратын азаматтарды диагностикалау және емдеудің тиімді жолдарын дайындап, ендіру.

Осыған орай SANTO компаниясының дәріқағаз бойынша босатылатын препараттарды бөлшектеп сату жөніндегі бөлімінің директоры Сергей Грошев былай деп атап өтіт: «Қазіргі заманда бас сақинасы – кең таралған аурулардың қатарына жатады. Сан алуан себептерге байланысты туындайтын бұл дерт адамның өмір сүру сапасына айтарлықтай нұқсан келтіреді. Сондықтан біздің компания Қазақстанның Неврологтар лигасымен бірлесе отырып, «Бас ауруының менеджменті» атты жобаны іске қосып отыр. Аталмыш жоба аясында Алматы қаласында басы ауыратын науқастарды бақылауға арналған мамандандырылған неврологиялық орталықты құру, Қазақстанның басқа қалаларындағы науқастарға скрининг жүргізу, бас сақинасының тіркелімін қалыптастыру, профилактикалық және дәрі-дәрмекпен емдейтін шаралардың тиімділігін бағалау жоспарланған. Бірлесе күш жұмылдыру арқасында біздің азаматтар тиімді ем-дом алып, олардың өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарады деп үміттенеміз».


SANTO компаниясы туралы:

Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1,2 миллиард таблетканы, капсула мен түйіршікті, 300 миллион ампуланы және 40 миллион антибиотик құтысын, 6 миллион инфузия пакеті мен құтысын шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден аса дәрі-дәрмек бар. SANTO – Шымкентте және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1000-нан аса адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарықтарына экспорттайды.


Қосымша ақпарат:

Татьяна Филипчик, PR-менеджер
SANTO компаниясы
Мекенжайы: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби д. 17/1, «Нұрлы-Тау» 5Б-блогы, 19-қабат <>
Тел.: +7 (727) 3121833
E-mail: tatyana.filipchik@santo.kz
www.santo.kz    



Тізімге оралу