Қазақстандық мүсіндер ғылым мен өнер синтезінің эстетикасын көрсетеді

19.04.2018

Қазақстандық мүсіндер ғылым мен өнер синтезінің эстетикасын көрсетеді

Бүгін, 2018жылдың 19-шы сәуірінде, Алматы қаласында Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында «Cultural Dialogue» қоғамдық қоры Қазақстан мүсіншілері, сәулетшілері және суретшілерінің арасында өтетін Республикалық ашық байқаудың басталғаны туралы жариялады. Байқаудың мақсаты – денсаулық сақтау саласында инновациялық технологияны бейнелейтін монументалды мүсіннің үздік эскиздерін анықтау. Байқаудың бастамашысы және бас демеушісі– Қазақстандықфармацевтикалық өндіріс көшбасшысы, SANTO компаниясы.

Монументалды өнер туындыларын, мүсін, өнер объектілерін жасауда тәжірибесі бар жетекші өнер қайраткерлерімен бірге, байқау презентациясына ол өнермен жаңадан айналысып жүрген жасмүсіншілер, өнер бағытындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Байқау сәуірден қыркүйек айына дейін жалғасады. Қатысушылар бес айдың ішінде «Ғылым мен өнер коды», «Ілгерілеу доңғалағы», «Healing with HeArt» секілді тақырыпқа эскиздер жасайды. Жүлделі орындарды анықтау үшін бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкерлерінен және тәуелсіз өнертанушылардан құралғанкәсібибайқау комиссиясы ақтық кезеңге өтетін қатысушылар тізімін жасайды. Байқаудың қорытынды кезеңінде мүсін макеттерінің көрмесі өтеді. Жеңімпаздар фармацевтикалық зауыттан ақшалай сыйлықақы алады. «Гран При» номинациясындағы бас жүлде иегері өз мүсінін жасап, оныөткен жылы өзінің 135 жылдығын тойлаған Химфарм АҚ зауытының аймағында орнату мүмкіндігіне ие болады. Орнатылған мүсінХимфарм АҚ зауытының рәмізіне айналады.

Инновациялар, әсіресе қазіргі уақытта, өнерге айтарлықтай әсер етеді, жаңа құралдар мен жаңа шындықты ұсынады. Кездесуге қатысушыларөнертанушы Абильдаева Лаураның ғылымдағы жаңалықтарды бейнелейтін мүсіндер туралы "Ғылымнан шабыт алған өнер" атты шолу дәрісіне қатысты.

Аса көрнекті Гюстав Флобердің айтуынша: "Уақыт өткен сайын өнер ғылымға, ал ғылым өнерге жақындай түседі; негізінде айырылған олар бір уақытта шыңында кездеседі".Мифтегі құдайлар шексіз құдырет-күшке ие болған: тіпті өмір мен өлімге билік жүргізген. Дұға оқығанда адам бірінші денсаулық сұраған. Бүгінгі таңда адам сол мифтік күшке қол жеткізді, бірақ дұға оқу арқылы немесе сиқыршылық жолмен емес, молекулалық генетика, геномдық медицина, биотехнологиялар, тіндік инженерия арқасында қол жеткізді. Ғылым емдеумен ғана шектеліп қоймай, адам денесін жетілдіруді, өмірдің жаңа формаларын шығаруды ұсынады.

Даму үстіндегі ғылымның белгілеген күрделі мәнмәтінінде адамзаттың «өшпейтін сұрақтарына» жауап беруге талпынатын философтар секілді, суретшілер де, адамзаттың ілгерілеуінің шегі бар ма деген өзекті сұраққа жауап беруге талпынады. Денсаулықтың маңызды мәселелерін тек биомедициналық тұрғыдан емес, гуманитарлық тұрғыдан қарастыру үшін ғалымдар ақындар мен суретшілерді тартады.

Ижи Урбанец, SANTO компаниясының бас директоры: «Polpharma компаниялар тобы бүгінгі таңда Қазақстанда құны 108 млн. АҚШ долларынан жоғарыауқымды инвестициялық жобаныіске асырып, шығармашылық, білім, ғылым, экономика және инновациялық технологиялар арасында тиімді өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жердемдесіп қана қоймай, Қазақстан мәдениеті мен өнерінің даму деңгейін арттырады. 2017 жылыеларалық мәдени алмасу ауқымын кеңейту үшін «Астана опера» сахнасында бірінші рет Польша Ұлттықоператеатрының жұлдыздары өнер көрсетті. Ал бүгін, елімізде заманауи өнердің дамуына қосылған үлес және Шымкент қаласында Қазақстанның фармацевтикалық өндірісінің жаңа нышанына айналатынмүсінді жасауға бағытталған республикалық байқауды бастаймыз».

Жанна Мамбетова, «Cultural Dialogue» ҚҚ директоры: «SANTO компаниясының қолдауымен өтетін байқау бизнес және өнердің әлеуметтік серіктестігінің жарқын мысалын көрсетуге бағытталған. Ол талантты мүсіншілердің шығармашылық әрекетін бекітетін оқиға болады. Байқау жас суретшілердің кәсіби қалыптасу жолында көмек болып,еліміздегі креативті ортаның қалыптасуына түрткі болады».

Толық ақпарат алу үшін мына байланыс нөміріне хабарласыңыз:Мамбетова Жанна, + 7 (701) 744 24 46 janna.mambetova@gmail.com


Тізімге оралу