SANTO туралы қысқаша

2019

2019 жылғы 22 ақпанда SANTO «ПЕРОРАЛЬДЫ CҰЙЫҚ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ӨНДІРУ УЧАСКЕСІ» үшін ТИІСТІ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ (GMP) стандартына сәйкес дәрілік заттар айналымы саласындағы тиісті фармацевтикалық тәжірибелер талаптарына сәйкестігіне СЕРТИФИКАТ алды.

1 шілдеде SANTO зауытында Қазақстанның бүкіл фармацевтикалық өнеркәсібі үшін бірегей сандық инженерлік және білім беру орталығының салтанатты ашылу рәсімі  өтті.  Шамамен 100 млн тенге қаржы салынған орталықтың негізгі міндеті - компания мамандарының біліктілігін арттыру, сонымен қатар IT- технологиялар, метрология,  технологиялық процестерін автоматтандыру және басқару саласында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту. Орталықтың ашылуы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысына орайластырылған.

1 шілдеде SANTO зауытында зауытының жаңа нысаны«Болашаққа көзқарас» атты мүсіннің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Мүсін қазақстандық мүсіншілер, сәулетшілер мен суретшілер арасында 2018 жылы SANTO компаниясының бастамасымен өткізілген "Ғылым және өнер коды" атты ашық республикалық байқаудың жеңімпазы болып атанды. Байқаудың мақсаты – денсаулық сақтауда инновациялық технологияларды бейнелейтін монументті мүсіннің ең үздік нобайларын анықтау.

2019 жылғы 23 шілдеде SANTO компаниясы цефалоспориндер тобының антибиотиктерінің ұнтақтарын асептикалық себу өндірістік учаскесіне (№2 антибиотиктер ұнтақтарын асептикалық себу цехы) ТИІСТІ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ стандартына сәйкес дәрілік заттар айналымы саласындағы тиісті фармацевтикалық тәжірибелер талаптарына сәйкестігіне СЕРТИФИКАТ алды.

17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қ. Polpharma тобы Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бұрын тіркелмеген дәрілік препараттарға өзара тану рәсімі бойынша Еуразия экономикалық одақ аумағындағы алғашқы тіркеу куәлігін алды.

2018

SANTO компаниясы инъекциялық ерітінділер мен инфузияларды өндіру және қатты пероральды дәрілік заттарды өндіру бойынша өндірістік алаңдар үшін үш маңызды тиісті өндірістік тәжірибе (GMP) сертификатын алды, сондай-ақ дәріханалық қойманың тиісті дистрибьюторлық тәжірибе (GDP) стандартына сәйкестік сертификатын алды.

15 мамыр күні «SANTO Академиялық бағдарламасы»  білім беру жобасы аясында,  С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кіші залында SANTO және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті.

САНТО компаниясы Дүниежүзілік жүрек күніне (29 қыркүйек) және Дүниежүзілік тромбоз күніне (13 қазан) адамдардың назарын жүрек-қан тамырлары ауруларына және олардың алдын алу мәселелеріне аудару мақсатында әлеуметтік жобаны іске қосты. SANTO-ның өтініші бойынша әр түрлі жанрларда жұмыс істейтін үш танымал қазақстандық музыкалық орындаушы бейтаныс немесе оларға аттары аталмаған адамдардың жүректерінің дыбыстарына өздерінің композицияларын жазды, тек композицияны жасағаннан кейін бұл әндер кімнің жүректерінің дыбыстарына жазылғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Алматы мен Шымкент қалаларында холестерин деңгейін анықтап, қан қысымын өлшеуге болатын «Өмір импульсі» жедел скринингтері өтті. Осындай скринингтер екі айдың ішінде бірнеше аудандарда өтті. «Өмір импульсі» жедел скринингі барысында 2500-ден астам адам тексерілді.  

29 қазан күні Алматыда қазақстандық мүсіншілердің, сәулетшілер мен суретшілердің «Ғылым және өнер коды» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты – денсаулық сақтауда инновациялық технологияларды бейнелейтін монументті мүсіннің ең үздік нобайларын анықтау. Байқаудың Гран-приі Алматы қаласының жас шығармашылық ұжымына: Усенбаев Дулатқа, Бүркітбаев Айдосқа, Бегулиев Қанатқа, Тоқбаев Алимжанға «Болашаққа көзқарас» атты мүсіні үшін табысталды. Бұл мүсін SANTO зауытының жаңа нышаны болады.

2019 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2018 жылдың нәтижесі бойынша IQVIA компаниясының деректері бойынша, SANTO Қазақстанның фармацевтикалық нарығында үш көшбасшылардың бірі болып табылады және бөлшек сауда сегментінде бірінші орын алып отыр.

2017

6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты жыл сайынғы жалпы ұлттық телекөпірі өтті. Телекөпір кезінде «Химфарм» АҚ ең ірі фармацевтикалық зауытында қатты пероралды дәрілік затты өндіретін цех іске қосылды. Жылдық өндірістік қуаттылығы 600 млн. таблетка құрайтын бұл жаңа өндірістің іске қосылуы кәсіпорын инвесторы әрі ең ірі еуропалық фармацевтикалық өндірісшілердің бірі болып табылатын Polpharma тобының жоспарлы түрде жүзеге асырып отырған ауқымды инвестициялық бағдарламасы аясындағы кезекті жеңіске айналып отыр.

Осы жаңа өндірістің «Химфарм» зауытының 135 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып отырғаны  да Қазақстан фармацевтикалық индустриясының көшбасшысы алдындағы кемел көкжиектің кеңейгенінің нышаны ретінде үлкен маңызға ие.

2016

22 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ зауытына сапар жасады. Сапар кезінде Елбасы SANTO компаниясының жаңа өндірістік желілерінің тұсауын кесіп, ампулалар мен инфузияларды шығаратын цехтегі инфузиялық желілердің жұмысымен танысты. Елбасының қатысуымен ашылған бұл инфузиялық желілерге Қазақстан Республикасы аумағында және де жалпы бүкіл Орталық Азияда тең келер өндіріс жоқ екенін атап өткен жөн.

2015
Қазақстанның жетекші дәрігерлері арасында «SANTO Конгресс» екінші республикалық конгресі және «Фарма Практикум 2015» провизорлар, дәріхана меңгерушілері және иелері үшін тәжірибелік фармация саласындағы алғашқы конференциялары өтті.
SANTO компаниясы Қазақстан Республикасындағы алғашқы және бірегей фармацевтикалық өндіруші болып табылады. Бүгінгі таңда үш халықаралық GMP сертификаттары - стерильді дәрілік түрлері өндірісі үшін антибиотик ұнтақтарын асептикалық себу, инъекциялық ерітінділер мен инфузияларды өндіру цехының инъекциялық ерітінді өндіру үшін, шприцпен толтырылатын ампулаларды инъекциялық ерітінді өндіру үшін иемденген.
Компания ішкі нарықты да қамтамасыз ете отырып, экспортты бес елге шығарады – Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан, Монғолия және Түркменстан .

2014
SANTO компаниясының бастамасымен алғашқы Қазақстанның жетекші дәрігерлері арасында республикалық конгресі болып өтті. Polpharma компаниясының қадағалау кеңесінің төрағасы Ежи Старак мырза Қазақстан Республикасының Перзиденті қарауындағы Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің мүшесі болып қосылды.  SANTO компаниясы инъекциялық ерітінділер мен инфузияларды өндіру цехының  инъекциялық ерітінді өндірісі үшін GMP сертификатына ие болды.

2013
SANTO компаниясы әрекет етіп тұрған ампулалық цехқа GMP сертификатын алды, «SANTO академиялық бағдарламасы» оқыту бағдарламасы іске қосылды, мемлекеттік ҮИИД бағдарламасы аясында Еуразия аумағында ешбір ұқсатығы жоқ үлкен және кіші дозалардағы парентеральді ерітінді шығару цехы іске қосылды. Жоба инвестициясы 38млн. АҚШ долларын құрады. Жаңа кешеннің қуаттылығы жылына 300 млн. шыны ампуладағы инъекциялық  дәрі-дәрмекті ампула, 2млн.орама - полипропиленді қаптамадағы инфузиялық ерітінділер, 2млн. орама- полиэтиленді қаптамадағы инфузиялық ерітінділер өндіруге жетеді.

2012  
SANTO компаниясы антибиотик ұнтақтарын асептикалық себу өндіріс телімі үшін  GMP сертификатына ие болды.

2011
«Химфарм» АҚ Polpharma компания тобына мүше болып және өзінің жаңа Santo Member of Polpharma Group саудалық атауын алды.

SANTO компаниясы жұмсақ нысанды дәрілер өндірісі бойынша цех үшін (жақпалар, майлар, гельдер, линименттер) алғашқы тиісті өндірістік тәжірибе (GMP) сертификатын алды.

2009
ERP SAP R3 өндіріс қорын жоспарлау жүйесі енгізілді

2008
Шымкент қаласындаға зауыт компаниясында сашет өндірісі бастау алды

2007
Жұмсақ дәрілік формалар цехы іске қосылды

2004
Компания ISO 9001:2000 сертификатына ие болды

2003
Қазақстан қор биржасында (KASE IPO) компания акциялары сатылымға түсті және кәсіпорынның жаңа Santo сауда таңбасы тіркелді

2000
Таблеткалар өндіру цехының үшінші желісі және шприцпен толтырылу ампулаларына арналған инъекциялы ерітінділер өндірісі іске қосылуы

1998
Ваккумды толтырылу ампулалары үшін инъекциялық ерітінділер өндірісі және таблетка өндірісінің екінші желісінің іске қосылуы

1997
Галенді дәрі-дәрмектер және таблеткалар өндірісінің алғашқы желісінің іске қосылуы

1993
Шымкент қаласындағы зауыт  «Химфарм» АҚ болып қайта құрылды

1917-1991
КСРО аумағындағы ең ірі дәрілік субстанция өндірушісі

1882
Шымкент қаласындағы фармацевтикалық зауыттың негізі құрылды