Жүрегі сау әйелдің құпиялары

17.03.2020

Жүрегі сау әйелдің құпиялары

Алматыда 3-5 наурыз аралығында «Әйел жүрегінің құпиялары-2020. Әйел денсаулығы, стилі және ұзақ өмір сүруі» тақырыбында пәнаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға жетекші елордалық және аймақтық клиникалардың кардиологтары, эндокринологтары, терапевттері, фармакологтары және басқа да медициналық қоғам өкілдері қатысты.



Конференцияның басты тақырыбы әйел денсаулығына, атап айтқанда, жүрек-қан тамырларының ауруларының ерекшеліктері, емдеу кезінде кездесетін кедергілер және осындай науқастарды емдеуге арналған кешенді терапия тәсілдерге арналды.  

Бүгінгі таңда мәселенің өзектілігін Щециндегі (Польша) Помор медициналық университетінің зерттеушілері растап отыр. Олар әйелдерде жүрек ауруларын қоздыратын факторлар ерлерден әлдеқайда көп деген қорытындыға келді. Бұл факторларға семіру, гипертония, гиперхолестеринемия және диабет жатады. Сонымен қатар, әйелдердің кардиомиопатиясы жағдайларының 95%-ы күйзелістен туындайды, бұл да әсершіл әйел жынысына тән. Әйелдердегі жүректің ишемиялық ауруы да ерлердегі ишемиялық аурудан көп ерекшеленеді. Ғалымдар мұны әйелдің жүрегі ер адамға қарағанда жеңілірек болғанымен, жиі қысылатынында деп түсіндіреді. Әйел ағзасының осы ерекшеліктері, сондай-ақ қалқанша безінің аурулары, липид алмасуының бұзылуы, қан аурулары мен фармакотерапия сателлиттік симпозиумдар шеңберінде талқыланады.

Қазақстандағы SANTO компаниясы РФ ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, терапиялық клиниканың директоры және А. И. Евдокимов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина және стоматология университетінің Терапия, клиникалық фармакология және жедел медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі Аркадий Верткиннің ғылыми форумға келуі мен спикер ретінде қатысуын ұйымдастырды. Сондай-ақ, профессор Верткин «Емханалық дәрігер» өңірлік қоғамдық ұйымының басшысы болып табылады.   Конференцияға Қазақстанның да танымал кардиологтары қатысты. Медицна ғылымының докторы, ассоцияцияланған профессор, «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика жөніндегі мамандар қоғамы» ҚБ президенті, «ҚазМҮББУ» АҚ кардиология кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Жүнісбекова «Нәзік жыныстың әлсіз тұстары», «Жүрекше фибрилляциясы мен коморбидтік жағдайы бар әйелдер жағдайын назарға алу» деп аталатын баяндамасымен сөз сөйледі. Сонымен қатар, «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ»КЕ АҚ Кардиология кафедрасының профессоры Мира Түндібаева және басқа да спикерлер баяндама жасады.  

1

«Жүрек мүмкіндігінше ұзақ қызмет етіп,  сүйе білу үшін күн сайын біздің қамқорлығымызды және бастапқы немесе қайталама профилактиканы қажет етеді. Біздің компаниямыздың қоржынында 13-тен астам кардиопрепараттар бар. Оларды тұрақты түрде қолдану өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті SANTO компаниясының дәрі қағазбен босатылатын препараттарды бөлшек сату бөлімінің директоры Анна Фарленкова.

АЛМАТЫ







Тізімге оралу