Монументалды мүсін жобасын дамытуға бағытталған 2018 жылғы Республикалық ашық байқау

19.04.2018

Монументалды мүсін жобасын дамытуға бағытталған 2018 жылғы Республикалық ашық байқау

Фармацевтика саласындағы ғылым мен инновация тақырыбына арналған монументалды мүсін жобасын дамытуға бағытталған 2018 жылғы Республикалық ашық байқау

«Cultural Dialogue» ҚҚМемлекеттік Ә.Қастеев атындағыөнер мұражайымен бірге серіктестікте денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологияларды бейнелейтін «Ғылым мен өнер коды»тақырыбындамонументалды мүсін жобасын дамытып, жасауға бағытталған, Қазақстан мүсіншілері, сәулетшілері және суретшілерінің арасында өтетін Республикалық ашық байқау жариялайды.Байқаудың бас демеушісі— SANTO компаниясы.

Байқаудың мақсаты денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологияларды бейнелейтін, көркемдік деңгейі жоғары мүсін жасау болып табылады. Байқау заманауи адам өмірінің ғылым және өнер секілді маңызды салаларының өзара әрекеттесуі және өзара ықпалы секілді өзекті мәселелерге көңіл бөледі.

Тұжырымдама

«Ғылым және өнер коды»

Мифтегі құдайлар шексіз құдырет-күшке ие болған:тіпті өмір мен өлімге билік жүргізген. Дұға оқығанда адам бірінші денсаулық сұраған. Бүгінгі таңда адам сол мифтік күшке қол жеткізді, бірақ дұға оқу арқылы немесе сиқыршылық жолмен емес, ғылымның көмегімен, атап айтқандамолекулалық генетика, геномдық медицина, биотехнологиялар, тіндік инженерия арқасында қол жеткізді. Ғылым емдеумен ғана шектеліп қоймай, адам денесін жетілдіруді, өмірдің жаңа формаларын шығаруды ұсынады. Адам ойының күшіменкомпьютерді басқарып,ақпараттық өріске қосыла алады. Адам басын ауыстыру, өмір сүру ұзақтығын арттыру – оның бәрі ертегілерде кездесетін қиял емес, осы ғасырда жүзеге асуы ықтимал мүмкіндіктер.

«Ілгерілеу доңғалағы»

Адамзатәлемге деген жәнедүние жүзіндегі өз орнына деген жаңа көзқарастар қарсаңында тұр. Элементар бөлшек физикасы,үлкен андрондық коллайдер секілді ғылыми жаңалықтар тізімі Универсумдағыадамның орны туралы пікірталастарды тудырады. Даму үстіндегі ғылымның белгілеген күрделі мәнмәтінінде адамзаттың «өшпейтінсұрақтарына» жауап беруге талпынатын философтар секілді, суретшілер де,адамзаттың ілгерілеуінің шегі бар ма деген өзекті сұраққа жауап беруге талпынады. Әмбебап сананың салған жолы бізді қайда апармақ?

«Healing with HeArt»

Денсаулықтың маңызды мәселелерінтек биомедициналық тұрғыдан емес, гуманитарлық тұрғыдан қарастыру үшін, біз адам өміріндегіақындардың, суретшілер мен психологтардыңрөлін зерттейміз. Өнер мен гуманитарлық ғылымдар денсаулық сақтау саласына қандай үлес қосады? Ал өнер мәнмәтініндемедицинаны қалай түсінуге болады?Ғалымдар көркемөнер туындыларының көмегімен адамдарды жаңалықтарды қабылдап, инновацияларды пайдалануға қалай көндіре алады? Сондай-ақмедицина мамандарына нарративті медицина, арт терапия (музыка, драма, кескіндеме), сандық медиадағыжалпы медицина саласындағы креативті тәжірибелер қалай көмектеседі?

Байқаудың шарттары

1.       Жоғары, толық емес жоғары және кәсіптік, орта көркемөнер білімі бар, монументалды өнер туындыларын, мүсінер, өнер объектілерін жасауда тәжірибесі бар мүсіншілер, суретшілер, сәулетшілер, дизайнерлер,шығармашылық бірлестіктер және одақтар байқауға қатысуға шақырылады.

 

2.       Қатысушы немесе қатысушылар тобының Байқауға ұсынатын жұмыстар санынашектеулер қойылмаған. Әрбір жұмысқа монументалды мүсіннің түпнұсқалық өлшемі көрсетілген болжалды сметалық есепті тіркеу қажет.

 

3.       Мүсін биіктігі 2 метрден аспауы керек артық болмауы керек.

 

4.       Байқау төрешілері SANTO компаниясының, «Cultural Dialogue» қоғамдық қорының өкілдерінен, Ә.Қастеев атындағы МӨМ өнертанушыларынан құрылады. Олар Байқаудың жеңімпаздарынмына талаптарға сай анықтайды:

·         эскиздік жобаның байқау тақырыбына сай болуы;

·         идеяның және тұжырымдаманыңтүснұсқалылығы;

·         композициялық шешімнің бейнелілігі мен тұтастығы;

·         ұсынылған жобаның өзектілігі мен оны жүзеге асыру мүмкіндігі;

·         жобаның экономикалық құрамдас бөлігі;

·         жобаны орындаудың техникалық сапасы;

·         территориялықкеңістікке үйлесімділігі,қоршаған ортаға зиянсыздығы жәнеқауіпсіздігі, вандализм әрекетіне тұрақтылығы, өрт қауіпсіздігі.

 

5.       Қатысушылардың Байқауға тіркелуіэлектронды өтінім формасында2018 жылдың 30-шы сәуіріне дейінcti.cultural.dialogue@gmail.comэлектрондық пошта мекен-жайы бойынша жәнепрезентациибарысында жүзеге асырылады;

 

6.       Байқауға эскиздік жоба мына құжаттар және жазбалармен бірге ұсынылуы керек:

1) РDFнемесеJРЕG пішімінде,ажыратымдылығы кемінде 300 dpi, А3 форматында үш ракурста көрсетілген мүсіннің эскиздік ұсынысы жәнеоның ауқымдымакеті;

2) Ұсынылған жерде орнатылған мүсіннің фотомонтажы;

3) Сәулеттік-көркемой сипатталғантүсіндірме жазба (кемінде 500 таңба);

4) Пайдаланылатын материалдар сипаттамасы менболжалды смета және түпнұсқалық өлшемді мүсінді жасаумерзімі;

5) Басқа қалалардан жұмыстарды автор өз есебінен тасымалдауы керек.

Байқаудың кезеңдері

1-ші кезең - ұсынылған макеттер экспозициясының Орталық көрме залда ашылуыжәнеБайқау комиссиясының ұсынылған эскиздер мен макеттердіБайқаудың екінші кезеңіне іріктеуі.

Жұмыс эскиздері мен макеттері2018 жылдың 22-ші тамызына дейін ұсынылуы керек.

2-ші кезең– SANTO компаниясының қызметкерлерінің дауыс беруіжәнеБайқау жеңімпаздарын марапаттау.

Байқаудың жүлде қоры

Байқау жеңімпаздарысыйлықақы жәнелауреатдипломдарымен марапатталады.

3-ші орын – сыйлықақы – 200 000 теңге

2- ші орын – сыйлықақы – 300 000 теңге

1- ші орын – сыйлықақы – 500 000 теңге

Гран-При – жеңімпазБайқау демеушісімен бөлек келісімшарт шеңберінде жобаны жүзеге асыруға тапсырыс алады.

Байқауға қатысушылар дипломдармен марапатталады.

5.8. Ұйымдастырушы ҚР әрекеттегі заңына сәйкес авторлық құқықты сақтай отырып,байқау жұмыстарын пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

Байланыс ақпарат

Виолетта Вологодская 8701 368 73 39

Жанна Мамбетова 8 701 744 24 46


 

Монументалды мүсін жобасын жасауға бағытталған қалалық ашық байқауға қатысуға өтінім

Барлық жолдар міндетті түрде толтырылуы керек!

1. Автордың аты-жөні, туған күні және заңды тұлғаның атауы

2. Оқу/жұмыс орны

4. Байланыс нөмірі: ұялытелефон, е-mаіl

 

Байқауға қатысу ережелерімен таныстым және олармен келісемін.Осы арқылы менжұмыс эскиздері мен макеттерін 2018 жылдың 22-ші тамызына дейін ұсынуға міндеттенемін.

Байқау аясында менің байқау жұмысымның эскиздерінің ақпараттық және презентациялық мақсатта пайдаланылуымен келісемін.

Күні

Қолы

 


Монументалды мөлшер файланы жүктеу


Тізімге оралу