Елбасы отандық фармацевтиканың дамуына кедергі келтіргендерге ескерту жасады

06.12.2017

Елбасы отандық фармацевтиканың дамуына кедергі келтіргендерге ескерту жасады

Жалпыұлттық телекөпір барысында Президент аталған жиынның еліміздің болашағы үшін өте маңызды екенін, бүгін индустрияландыру бағытындағы жұмыстың қорытындысы шығарылып жатқанын айтып өтті. Кейін Елбасы отандық фармацевтика саласының дамуына кедергі жасап отырған азаматтардың бар екенін алға тартты.

«Еліміздегі фармацевтика саласы дамудың жаңа деңгейіне өтуде. 14 кәсіпорын халықаралық талаптарға сай жұмыс істеп отыр. Бүгін тағы бір жобаны іске қостық. Ол жобаны «Химфарм» АҚ жүзеге асыруда. Мен біздің отандық фармацевтика саласының дамуына кедергі жасап отырғандарға тағы да ескерту жасағым келеді. Қазақстандағы шетелдік компаниялар байланыс орнатқан азаматтар белгілі бір себептерге байланысты келісімшарттады күшінде ұстап, осы салаға біздің компанияларды әрең кіргізеді. Мұны жіті бақылап отырмын. Сондықтан тағы ескертемін», — деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Дәурен ЕРБОЛАТ

Тізімге оралу