Шетелдік Инвесторлар Кеңесі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Польфарма» Бақылау кеңесінің президенті Ежи Старак мырзамен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2014 жылдың 12 маусымы Бурабайда,  Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің пленарлы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің жаңа мүшесін –Polpharma Бақылау кеңесінің президенті Ежи Старак мырзаны  таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев жетекші шетелдік инвесторлармен маңызды кездесулер өткізді. Ежи Старак мырзамен кездесу кезінде аса көп көңіл қазақстандық фармацевтикалық кластерге бөлінді. Әңгіме барысында компания қызметінің негізгі бағыттары, және оның Мемлекеттік Үдемелі-Индустриалды Инновациялық даму бағдарламасына қатысуы туралы айтылды. Оған қоса, Еуразиялық Экономикалық Одаққа отандық фармөндірістің біріктіруі туралы мәселелер талқыланды.

Тізімге оралу