Santo Member of Polpharma Group Шымкент қаласында Ice Bucket Challenge науқанын қолдады

«Химфарм» АҚ ұжымы Santo Member of Polpharma Group сауда таңбасымен Ice Bucket Challenge флеш-мобына қатысты. Науқан 2014 жылдың 5 қырқүйегінде Шымкент қаласында болып өтті.

Аталмыш кампания бүйір амиотрофикалық склерозы және осы ауруды зерттеу қорын қайырымдылық қаржыландыру, оған қоса осы дерт жөнінде хабардарлықты арттыруға арналған.

Науқан шарты бойынша қатысу тек басқа компанияның шақырылымымен ғана болатын. Polpharma халықаралық тобы «Химфарм» АҚ-мын шақырған.  

Қазақстан Республикасында осы қайырымдылық науқанын фармацевтикалық кәсіпорындар арасында алғашқы болып қолдаған «Химфарм» АҚ еді. Компания Nobel, Abdi Ibrahim және Romat үш фармацевтикалық өндірістерге шақыру жіберді.

Компания үшін маңызды науқанды қолдаған қызметкерлерге алғыс білдіреміз.

Тізімге оралу