Қазақстанның жетекші дәрігерлерінің алғашқы республикалық конгерсі Алматыда бастау алды

Астана телеарнасы, Жаңалықтар, 30 мамыр 2014 жыл
Қазақстанның жетекші дәрігерлерінің алғашқы республикалық конгерсі Алматыда бастау алды. Оның ұйымдастырушысы «Химфарм» фармацевтикалық компаниясы болды. Конгрессте бүкіл елден ең үздік 350 медицина қызметкерлері, сонымен қатар Ресей мен Украина елдерінің денсаулық сақтау мамандары қатысады. Ресми баяндамалардан басқа, олар шеберлік сабақтарға қатысып өз тәжірибелерімен алмасып және медицинадағы соңғы өзгерістермен бөліседі.
Қазақстанның жетекші дәрігерлері Конгрессті бірегей деп атап отыр. Алғашқы рет еліміздің түрлі медицина саласындағы дәрігерлердің басын қосты. Әңгімелесу кеңістігінде кардиология, гинекология, терапия және жалпы тәжірибенің беделді мамандары емдеудің жаңа әдістерімен бөлісті. Медицина қызметкерлері атап өткендей, Конгресске қатысу пайдалы әрі құрметті.

Тізімге оралу