Өндіріс

Өндіріс ресурстары

Зауыт 17 га аумағында орналасқан, оның негізгі және қосалқы өндірістерінің қызмет ету үшін барлық қажетті аумақтары бар, сонымен қатар, одан әрі дамуға арналған резервтік аумақтары бар. Барлық қажетті көлік және энергетикалық коммуникациялар, өзінің қазандық ұңғымалары бар.

Біздің технологиялар

Зерттеу зертханасы барлық технологиялық жаңалықтармен жабдықталған және Қазақстандағы ең үздіктердің бірі болып саналатындығы заңдылық. Бүгінгі күні зауыт дәрі-дәрмектердің отандық өндірушілерінің ішіндегі көшбасшысы болып табылады.Біздің кәсіпорын өнімді тек ішкі нарық үшін ғана өндірі қоймайды, сондай-ақ оны алыс және жақын шет елдерге белсенді түрде экспорттайды.

Бүгінгі таңда зауыт генерикті және түпнұсқалық дәрі-дәрмектерді антибиотикті залалсыздандырылған ұнтақтар, ампулалардағы инъекциялық ерітінділер, ПЭ сауыттары мен ПП пакеттеріндегі инфузиялық ерітінділер, капсуладағы таблеткалар, шәрбаттар, тұнбалар, майлар, 12 фармакологиялық топтардың сулы және спиртті ерітінділері үлгісінде 260 астам атаумен өндіреді.

Өндірістік үдерістің барлық кезеңдері сынақтан өтеді және микробиологиялық тазалыққа сертификатталады. Түпкілікті өнімнің сапасы қазіргі заманға сай талдау жабдығымен жабдықталған, компанияның зертханасында бақыланады.

Зауыт өнімінің жоғары сапасы келесілердің арқасында қамтамасыз етіледі:

  • Біліктілігі жоғары және отандық қызметкерлер;;
  • Өндірістің біліктілігін және сенімділігінің тексерілу үдерісі;
  • Еуропалық өндірушілердің қазіргі заманға сай жоғары технологиялық жабдығы (IMA, Marcesini (Италия), Telstar (Испания), Bosch (Германия); Romelag (Швейцария)және басқалары;
  • Дәрі-дәрмектерді өндірістің барлық кезеңдерінде халықаралық стандарттарға сәйкес бақылаудың қатаң жүйесі;
  • Еуропалық жеткізушілерден дәрі-дәрмек субстанцияларын пайдалану;

Компанияның генерикті дәрі-дәрмектері өзінің құрамы мен әрекеті бойынша түпнұсқалық дәрі-дәрмектің үлгілеріне толығымен сәйкес келеді. Нарықта пайда болатын жаңа дәрі-дәрмек құралдарымен салыстырғанда, SANTO өнімінің клиникалық – зертханалық көрсеткіштердің зерттелу деңгейінде басымдылығы бар.

Сынақтан өткізу әдістерін жетілдіру дәрі-дәрмектердің олардың түпнұсқасынан құрамы мен терапевттік қасиеттерінің аздап ауытқуының мүмкіндігін жояды.

Жоғары қарқынмен дайын дәрі-дәрмек үлгілерін шығарудың көлемін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын өндірілетін дәрі-дәрмектердің тізілімі кең және терапевттік әсерге бағытталған жаңа дәрі-дәрмектермен толықтырылуда. Жаңа технологиялар игерілуде, жаңа өндірістер іске қосылуда, инфрақұрылым жаңғыртылуда. Осының бәрі адамның көп жасауына мүмкіндік беру, өзін жақсы сезіну және ұзақ өмір сүруі үшін, өмірдің сапасын жақсарту үшін қолжетімді бағалармен жоғары сапалы тиімді, қауіпсіз дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және өндіруге мүмкіндік береді.

05.09.2014 ж. №6591163DX мемлекеттік лицензия, басты, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы, ОҚО әкімдігі.