Басшылық

ИЖИ УРБАНЕЦ

Бас директор

Ижи Урбанец SANTO компаниясын 2015 жылдың 1 қазанынан бастап басқаруына алды. Ижи Чехия еліндегі Остава қаласының Техникалық университетін аяқтаған. Джон Мурс атындағы Ливерпуль Университетінің іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесіне ие. Сонымен қатар Чехияның Брно қаласындағы Техникалық университеттің және Польшадағы Торунь қаласының М.Коперник атындағы халықаралық екі жақты басқару аспирантурасын аяқтаған. SANTO-ға дейін Ижи Урбанец бірнеше жыл бойы Galena (Чех Республикасы), Ivax (АҚШ) және Teva (Израиль) сынды түрлі халықаралық фармацевтикалық корпорацияларда жұмыс жасаған. Оған қоса, бес жыл бойы Мәскеуде тұрып, Ресейдегі компанияның кеңсесіне басшылық ете отырып, Шығыс Еуропа, Балқан және Орта Азия елдерінде жаңа кеңселер ашқан. Ижи Урбанец фармацевтикалық әлемнің жаңашылы ретінде есептеледі. Оның кәсіби сәтті еңбек өтілі кезеңінде маңызды үдерістер орын алған. Сонымен, 1999 жылы IVAX Russian Operations компаниясында Урбанец мырза компанияның өкілдіктерін Таллин, Киев, Рига, Загреб, София, Бухарест, Вильнюс, Ташкент және Алматы қалаларында кеңейтті. Ол компанияның кірісін төрт жыл ішінде бес есеге арттырды және штатты 40 адамнан 250 адамға дейін кеңейтті. 2011 жылы Чехияда өте қысқа мерзім ішінде Ижи Урбанецтің басшылығымен әлемдегі ең ірі Mega Plant зауытының құрылысы мен іске қосылуы жүзеге асырылды. Ол АҚШ нарығына арналған 12 млрд. таблетка шығаратын зауыт болып табылады. Оның өндірістегі және саудадағы тәжірибесі фармацевтикалық нарық саласында -бірегей. Ижи Урбанецтің кәсіби тәжірибесі- бұл сынақтарға, ұмтылыстарға және жеңістерге толы ұзақ та толқытатын саяхат. Өзінің кәсібилігі мен жұмысқа деген адалдығы үшін 2010 жылы Урбанец мырза Чехияның ең үзік менеджері Кубогы атағына қатысқан 200 үміткер арасынан суырылып шығып, Кубока ие болды.