SANTO компаниясы

SANTO компаниясы – Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарығында жұмыс істейтін халықаралық фармацевтикалық Polpharma тобының мүшесі болып табылады. Компания қолжетімді жоғары сапалы дәрілік заттарды өндіріп, Қазақстан және  Орта Азия нарығына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттары жыл сайын 1 млрд 283 млн таблета, капсула мен түйіршікті; инъекциялық ерітіндісі бар 294 ампуланы; инфузиялық ерітіндісі бар 6 млн қалташа мен бөтелкені;  антибиотиктер ұнтақтарының 40 млн құтысын (цефалоспориндер);  антибиотиктер ұнтақтарының 13 млн құтысын (пенемдер / мициндер), сұйық преоральдық дәрілік заттардың 4,5 құтысын өндіруге мүмкіндік береді.

SANTO компаниясы Қазақстан фармацевтикалық нарығының жетекшісі бола тұрып, қоржынында терапияның түрлі салаларында ауруларды емдеу үшін  12 фармакотерапевтикалық тобында 200-тан астам генерикалық дәрілік заттарының өндірушісі болып табылады.

Компанияның антибиотиктерінің асептикалық шашыраңқы ұнтақтарының өндірістік алаңына және инфузиялық ерітінділердің өндірістік желілеріне, қатты пероральдық дәрілік заттарды өндіру бойынша өндірістік алаңға, инъекциялық ерітінділер мен инфузияларды өндіру бойынша өндірістік алаңға Тиісті Өндірістік Тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сәйкестілік сертификаты бар. Компанияның дәріханалық қоймасының тиісті дистрибьютерлік тәжірибесінің стандартына сәйкестілік сертификаты бар.

Компания  бес елдің - Ресей, Украина, Қырғызстан, Монғолия, Түркменістан нарықтарына экспорттауды жүзеге асырады және ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.