Компания туралы

БІЗ ТУРАЛЫ

SANTO Member of Polpharma Group сауда маркасы бар «ХИМФАРМ» АҚ (бұдан әрі - «SANTO компаниясы») Қазақстандағы ең ірі фармацевтикалық компания және Орталық пен Шығыс Еуропа, Кавказ және Орта Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma халықаралық фармацевтикалық топтың мүшесі болып табылады. SANTO компанияның фармацевтикалық зауытының тарихы 135 жылдан асады.

БІЗ САПА МЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚОЛДАЙМЫЗ

SANTO компаниясы сату мен таратудың, сақтаудың, өңдірудің, әзірлеудің әр кезеңінде өнімнің сапасын бақылайды. Кәсіпорын отандық фармацевтикалық сала тарихында бірінші болып халықаралық және қазақстандық ISO 9001:2000 сериясының сапа стандарттарына сәйкес екі тәуелсіз сертификациядан өтті.

2008 жылдан бастап SANTO компаниясы Қазақстан GMP тиісті өндірістік тәжірибесінің халықаралық стандартына көшті. Компания бұл стандартты енгізуге белсене кіріскен алғашқы отандық өндірушілерінің қатарында болды. GMP халықаралық стандарттары бойынша өнімнің сапасын бақылау жүйесінен өндірістің сапасын қамтамасыз ету жүйесіне өтудің дәлелі инфузиялық ерітінділерді өндіру бойынша өндірістік желілеріне, цефалоспорин тобына жататын антибиотиктер ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп салу бойынша өндірістік алаңдарына, бета-лактамдық (карбапенемдер), аминогликозид және полипептид тобына жататын антибиотиктерінің ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп салу бойынша өндірістік алаңға, қатты пероральдық дәрілік заттарды өндіру бойынша өндірістік алаңға, инъекциялық ерітінділер мен инфузияларды өндіру бойынша өндірістік алаңға GMP сертификаттарының, сонымен қатар дәріхана қоймасына GDP сертификатының болуы.

POLPHARMA ТОБЫ

Polpharma – халықаралық фармацевтикалық компания және Орталық пен Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарындағы көшбасшы. Компания Польшада және халықаралық нарықтарда 7 500-ге жуық адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді.

POLPHARMA ТОБЫНЫН МҮШЕЛЕРІ:

Польфарма АҚ Фармацевтикалық зауыты Старогард-Гданьскийде, Духницеде және Нова-Дембада орнасқан өндірістік қуаттарымен.

Polfa Warszawa S.A Варшавада орнасқан өндіріс қуаттарымен.

Medana S.A Серадзда орнасқан өндірістік қуаттарымен.

АКРИХИН – Ресейдегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі, өндірістік кешені Мәскеудің қасында Старая Купавна қаласында орналасқан.

SANTO компаниясы - Шымкентте орналасқан Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық кәсіпорын.